Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

"Қарлығаштан" "Мұзбалаққа" дейін

Қазан айында "Мұзбалақ" кинотуындысы Германиядағы фестивальден жүлделі оралған еді. Хемниц қаласында өткен байқауда ол "Үздік анимациялық фильм" жүлдесін еншіледі. Қазақтың саятшылық өнері туралы сыр шертетін туынды бүркіт пен адамның достығы туралы баяндайды.

Осыған орай, хабардың бүгінгі санына режиссер, аниматор, "Мұзбалақ" анимациялық фильмінің продюссері, режиссері Тұрдыбек Майдан қатысты. 

«Жастарын тәрбиелеу үшін Ресей 200 сағаттық, Қытай 3000 сағаттық анимациялық фильмдер жасайды. Біз 1 сағат та жасап бере алмай отырмыз", - дейді режиссер.

Әмен Қайдардың «Қарлығаштың құйрығы неге айыр» анимациялық фильмі 1967 жылы шығып, 48 елде көрсетіліп, Еуропада үлкен жүлде алған екен. Араға тура 50 жыл салып «Мұзбалақ» шықты. Әмен Қайдар қарлығаш қылып ұшырған қазақ анимацясын Әменнің шәкірті Мұзбалақ қылып әлем аспанында қалықтатты.

Жүргізуші - Нәзір Сүлеймен.

Толығырақ аудионұсқадан тыңдай аласыздар:

http://shalqar.fm/kz/archive/programs/programs_shalkar/tugyr/1042490