Қанат Үмбетов, Әлия Әбікен - Сағынып жүрмін (мәтін/текст)

Сені көремін, тебіренемін,
Табасың тек сен жүрек емін.
Барсаң да шыңға қалсаң да сынға,
Қадірлім мені сағынасың ба?
Қайырмасы:
Сағынып жүрмін - сұлуын ғасырдың,
Сағынып жүрмін - сынығын асылдың.
Сағынып жүрмін - жұпарын шашыңның,
Сағынып жүрмін - сағынып жүрмін.
Ақ махаббатым, жүректе атың,
Арамыз алыс, жаным жақын.
Ажарын білдім, шуағын күннің,
Жəне де сені сағынып жүрмін.
Қайырмасы:
Сағынып жүрмін - сұлуын ғасырдың,
Сағынып жүрмін - сынығын асылдың.
Сағынып жүрмін - жұпарын шашыңның,
Сағынып жүрмін - сағынып жүрмін.