Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

«Луговая» теміржол бекеті - Түрксіб, ал «Зыряновск» - Алтай стансасы деп өзгертіледі (Қаз/Рус)

«Луговая» теміржол бекеті - Түрксіб, ал «Зыряновск» - Алтай стансасы деп өзгертіледі (Қаз/Рус)

Бүгінде елімізде 834 теміржол стансасы бар. «Қазақстан Республикасының кейбір темір жол стансаларының атауын және атауларының транскрипциясын өзгерту туралы» Үкімет Қаулысымен осы уақытқа дейін 85 темір жол бекетінің атауы қазақшаға ауысқан. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің баспасөз хатшысы Дархан Кәрібаевтың айтуынша, 15 стансаға жаңа атау берілсе, қалған 70-інің транскрипциясы өзгертілген. Оның сөзінше 2020 жылы республикалық ономастикалық комиссия шешімімен 71 теміржол стансасының атауы және олардың транскрипциясы өзгертіледі.  

«Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы бойынша 834 теміржол стансасы жұмыс істейді. «Қазақстан Республикасының кейбір темір жол стансаларының атауын және атауларының транскрипциясын өзгерту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 85 теміржол стансасының атаулары және олардың транскрипциясы өзгертілді. Республикалық ономастикалық комиссияның оң қорытындысын алғаннан кейін 71 теміржол станса атауларын және олардың транскрипциясын өзгерту жоспарлануда»,- деді Дархан Кәрібаев.

Көп жағдайда теміржол бекеттерінің атауын өзгеру туралы ұсыныстарды ауыл ақсақалдары, жергілікті тұрғындар, бекет басшылары мен темір жол саласының ардагерлері жолдайды. Бұл туралы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ менеджері Светлана Горобец атап өтті.

«2018 жылы теміржол саласының ардагерлері Жамбыл облысындағы «Луговая» теміржол бекетін - Түрксіб, «Весна» бекетін – Ақжолтай», ал Шығыс Қазақстан өңіріндегі «Зыряновскті» - Алтай стансасын деп өзгертуді ұсынды. Біріншісі әлемге әйгілі Түркістан – Сібір теміржолының құрылысына байланысты тарихи оқиғаларға негізделіп өзгертілсе, Әулиеата өңіріндегі «Весна» бекеті - өңірден шыққан Ағыбай батырдың есімімен аталатын болды. Себебі батырдың жорықтарда жолы болып, үнемі жеңіспен оралатындықтан оны ел «Ақжолтай» атап кеткен екен. Ал «Зыряновск» теміржол бекеті Алтай ауданының маңында орналасқандықтан - «Алтай» бекеті болып бекітілді»,-дейді С. Горобец.

Келер жылы елімізде 10 бекетке қазақша атау беріледі. 61 стансаның транскрипциясы өзгертіледі деп жоспарланған.

***

Железнодорожная станция «Луговая» будет переименована в станцию «Турксиб», а «Зыряновск» в «Алтай»

На сегодняшний день по республике действует 834 железнодорожных станции. Постановлением Правительства РК от 29 ноября 2017 года № 787 «О переименовании и изменении транскрипций названий некоторых железнодорожной станций РК», изменены названия 85 станций, из них 15 станций переименованы и в названиях 70 станций изменена транскрипция. Об этом сообщил пресс-секретарь Комитета транспорта Министерства индустрии и инфраструктурного развития РК Дархан Карибаев. По его словам, в 2020 году планируется изменить наименования 71 железнодорожной станции и их транскрипцию.

«На сегодняшний день по республике действует 834 железнодорожных станции. Постановлением Правительства «Об изменении наименования и транскрипции названий некоторых железнодорожных станций Республики Казахстан» до настоящего времени изменены наименования 85 железнодорожных станций и их транскрипции. Теперь после получения положительного заключения Республиканской ономастической комиссии к 2020 году планируется изменить наименования 71 железнодорожной станции и их транскрипцию»,- сказал Д. Карибаев.

В основном предложения по переименованию названий станций поступают от начальников станций, аксакалов, местных жителей и от ветеранов железнодорожной отрасли. Об этом службе новостей «Қазақ радиолары» сообщила менеджер АО «КТЖ-Грузовые перевозки» Светлана Горобец.

«В 2018г. поступило предложение от ветеранов железнодорожной отрасли о переименовании станции «Луговая» в станцию «Турксиб», в связи с историческими событиями, связанными со строительством Туркестано-Сибирской железной дороги, действительно, эта дорога была легендарной, известной всему миру. Станция «Весна», находящаяся в Жамбылской области, будет переименована в станцию «Ақжолтай». Этим именем называли местного народного батыра Ағыбая, так как ему всегда сопутствовала удача - «Ақжол», во всех его боевых походах. Станция «Зыряновск» станет станцией « Алтай», так как станция расположена в черте района Алтай»,- рассказала Светлана Горобец.

В 2020 году планируется переименовать 10 станций, а в названии 61 станции будет изменена транскрипция.