Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Filmfan: «Қазақстанда компьютерлік графика мамандары тапшы»

Бағдарлама қонақтары – кинодраматург, «ҚазАРТ» графикалық оқу орталығының жетекшісі Жанат Жайлыбай, 3Д аниматор, спецэффет маманы Бағдар Жыңсабекұлы. 

Киногерлер жақында елордадан компьютерлік графика мамандарын дайындайтын оқу орталығын ашты. Мақсат – еліміздің кино саласына тапшы мамандарды дайындау, қазақ киносын дамыту.

Орталық жетекшісі мен аниматоры оның ерекшеліктеріне тоқталды. Қазіргі қазақ фильмдеріндегі графикалық өнердің артықшылығы мен кемшілігін әңгіме етті.

«Қытайда 60 мың, Кореяның Сеул қаласының өзінде 30 мың осы саланың маманы бар. Ресейде 50 адам компьютерлік графикамен айналысады, 150 оқу орталығы бар. Ал бізде республика бойынша 50-60 қана маман бар», - дейді Жанат Жайлыбай.

-«Қазарт» орталығы қандай мамандықтарды оқытады?

-Кімдер дәріс береді?

-Фильмнің графикалық безендірілуіне қызығушылар көп пе?

-Отандық және шетелдік мамандардың жалақысы қандай?

Толығырақ аудионұсқадан тыңдап, бейнежазбадан көре аласыз.

Жүргізушілер – Жадыра Жұмакүлбай, Теңге Бекмырза.