Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

«Қазақконцерт» әншілері ұлттық музыка кештерін бермек

Хабар қонақтары: әнші, композитор, актер ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Құмарбек Қалқатаев пен әнші, республикалық ән байқауларының лауреаты Нұрлытаң Ермек. 

  • Нұрлытаң Қазақ Ұлттық Өнер университетінің 3 курс студенті бола жүріп, «Қазақконцерт» бірлестігіне қалай жұмысқа қабылданды? 
  • Әншіге не үшін актер да болуы керек? 
  • Жәнібек Кәрменовтың алдынан сабақ алған соңғы шәкірті Құмарбек аға ұстазының ақыл-кеңес, тәлімімен бөлісті. Әншінің сөзді түсініп орындауының маңызы неде? 
  • Қазіргі ұлттық өнердегі жас әншілер әннің сөзін, пәлсапасын жете түсіне ме? 

Осы және өзге де сұрақтардың жауабын хабардың аудио, бейненұсқасынан тамашалай аласыздар

Хабарды жүргізген Жадыра Жұмакүлбай .

Қосымша:

"Қазақконцерт" ұжымы 13 қараша сағ.19:00-де А.Затаевичтің 150 жылдық мерейтойына орай "Қазақстан" ОКЗ-да, 15 қараша күні сағ. 17:00-де Біржан сал ауданындағы Біржан сал атындағы мәдениет сарайында әнші-композитордың 185 жылдық мерейтойына байланысты "Адасқақ" атты ән кешін береді. Кешке ҚР Еңбек сіңірген қайраткерлері Жанғали Жүзбай, Ерлан Рысқали, Алмас Алматов, Клара Төленбаева, Ардақ Балажанова, Елмұра Жаңабергенова, Құмарбек Қалқатаевтар қатысады.