Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Бүркіт баптау

Бүркіт баптау

Табиғат бүркітті керемет жыртқышқа айналдырды. Бүркіттің көзі сұңқар, қаршыға сияқты құстардың көздеріндей өте өткір. Мысалы, қыран екі шақырым жердегі қоянды көреді. Мойнын 270 градусқа дейін бұрып, айналасын толық бақылай алады.

Бүркіттер ұзақ уақыт бойы аспанда жылы ауаның толқынымен қалықтап, өз жемтіктерін көздейді. Ол желдің қатты толқындарына қарамастан өзін ауада еркін ұстайды. Бүркіт жемтігінің артынан сағатына 240-тан 320 км/сағ. дейін жылдамдықпен самғай жөнеледі.

Бүркітті ерте жастан тәрбиелейді: оны ұясынан жаңа туған кезінде алады немесе жабайы бүркіттерді қолға үйретеді. Қырағы, сақ жыртқыш құсты ұстау, сосын оны қолға үйрету оңай шаруа емес.

Ол өте батыл, ақылды әрі күшті, айтарлықтай қарсылық та көрсет алады. Жабайы бүркіттерді бағып-қағу және қолға үйрету қиын әрі өте қауіпті, жауапты іс болып табылады, ол ерекше шыдамдылықты, батылдық пен төзімділікті қажет етеді.

Себебі әр құстың өзіне тән мінезі бар: бірі қызғаншақ болса, екіншісі қыңыр, жеңілтек, кейбіреуі керісінше ақылды әрі байсалды. Бірақ, бүркіт тектілердің барлық өкілдеріне ортақ қасиет бар – олар менмендік пен өркөкіректік.

Бүркіттер жастайынан қолға тез үйренеді және аз уақыт ішінде иесінің бұйрықтарын орындай бастайы.

Ересек құстар ұзақ уақыт қолға үйренбей, қарсылық танытып, жаттығуға құлықсыз болады және өз иесін бірден танымайды. Тұтқынға түсіп, таңсық ортаға тап болған бүркіт әрқашан өзін қорғаумен болады.

Қолға түскен құс біраз уақыт қарсылық танытып, қасына ешкімді жақындатпай, жан-тәнімен қаһарлы сұс танытады. Құстардың бұл мінезі әдетке айналып кетеуі үшін тәжірибелі бүркітшілер оның мінезін бұза бастайды.

Ол үшін бүркіттің аяқтарын тұсап, көздерін томағамен жауып, теңселмелі бақанға отырғызады. Жіппен бақанды әрі-бері тербетіп, құсқа тыныштық бермейді және оны үнемі бақылап отырады.

Бірнеше күн бойы құсқа жем, су бермей ұстайды. Ал аңшының қолданатын қарапайым құрылғылары оны ұйқыдан мүлдем айырады.

Ақырында, бүркітші құстың ашығып, әбден шаршап, бағуға дайын екенін білгенде, тамақтандыра бастайды.

Жыртқыш құс бірнеше күн тамақ ішпегеніне қарамастан, адамның қолынан тамақ алуға қорқады, бірақ бүркітші тамақты тұмсыққа қайта-қайта әкеледі. Ақыр соңында құс бағынады. Бұл жабайы бүркітті бағындырудың сәтті әдістерінің бірі. Бүркітші мұны біліп, құстың әр жеген тамағы үшін сипап, үнемі тамақтандырады. Осы күннен бастап құс пен иесі арасында түсінік қалыптасып, бүркіт жаттығуға кіріседі.

Алдымен бүркітті қолға, сосын күнделікті орнына айналатын арнайы бақанға отырығызып үйретеді. Бүркіт қолға отырып үйренгеннен кейін бүркітші құсын қолына отырғызып, бүркітпен бірге ұзақ шақырым жолға шығып үйрену үшін жаяу, кейде ат үстінде көп жүреді. Содан кейін бүркітті көпшіліктің, кішкентай балалардың ортасына, малдың арасына апарады. Бірте-бірте құс адамдарға, шулы жерге, иттер мен малға үйренеді. Бұндай дағдылар – тәрбиелеудің әліпбиі болып табылады.

Келесі кезең – арнайы дайындық. Бүркіттерді әртүрлі дыбыс белгілеріне жауап қатуға, иесінің қоңырауына оралуға, белгілі бір жерді айналып ұшуға, белгі бойынша адамдар мен малдардың арасына қонуға үйретеді.

Содан кейін жемнің кезегі келеді, олардың көмегімен олжаны ұстауды үйренеді. Бүркіттің бойында тынымсыз жаттығу арқылы аң аулау дағдылары қалыптасады, тапқырлық дамиды. Бүркіт жеткілікті күшке ие болса да, тиісті жаттығусыз жыртқышқа шабуыл жасамайды және күресуден бас тартуға тырысады.

Бүркітші құсты тәрбиелеу барысында ең маңызды нәрселерді де ұмытпайды. Құс қарсыласынан мықты болуы тиіс.

Сондықтан аңшы құсының физикалық жағдайын мұқият қадағалап, салмағын, аяқтары мен кеудесінің дамуын бақылайды.

Бүркітшілер құстарын жасына байланысты атайды. 1 жылға дейін – Балапан, 2 жасар құсы – қантүбіт, 3 жастағы – тірнек, 4 жыл – тастүлек, 5 жыл – мұзбалақ, 6 жастағы – көктүбіт, 7 жастағы – қана, 8 жыл – жаңа, 9 жасар – майтүбіт, 10 жыл – барқын, 11 жасар – баршын, 12 жыл – шөгел.

Бүркітші шеберлігі – жұмбақ құпияларға толы көп қырлы өнер. Бірақ адамға аспан әміршісінің мақтанышын бұзуға көмектесетін негізгі компоненттер – шыдамдылық, табандылық, табиғатты терең білу және де тәжірибе.

Серік Нұрмолдаевтың «Кертолғау» бағдарламасын әр сәрсенбі сайын сағат 12:00-де орыс тілінде, әр сенбі сайын сағат 12:00-де қазақ тілінде «Classic» радиосынан тыңдай аласыздар.

«Classic» радиосы Нұр-Сұлтан қаласында 102,7 FM, Алматы қаласында 102,8 FM, Ақтау қаласында 103,00 FM толқынында хабар таратады.