Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Мәдениет жаңалықтары

Мәдениет жаңалықтары

1. Батырхан Шүкенов атындағы ІІ республикалық жез үрмелі және ұрмалы аспаптар конкурсының лауреаттары белгілі болды. Қазылар алқасының шешімімен биылғы жылғы төрт номинация бойынша І орын табысталмады. Алайда тек «Джаз ансамблі» конкурсының дебюттік номинацисындағы І орын "Dragonfly" ансамбліне бұйырған болатын. Ал жалпы жүлделі орын алған тізіммен жүретін болсақ: валторна номинациясында ІІ орын: Қадырбеков Санжар, ІІІ орын Мамутбаев Сырым және Мейірхан Дидар. Труба номинациясында: ІІ орын Райымбек Тоқабай, ІІІ орын - Мамырханов Дастан мен Данияр Омаров. Трамбон номинациясында: ІІ орын Жексембай Досхан. Ал Серікжан Нұрғалым мен Көпбаев Әділет дипломмен марапатталды. Ұрмалы аспаптар номинациясында: ІІ орынды Ілияс Абдрашев пен Арыстан Абильдин бөліскен болатын.

2. Қазақ ұлттық өнер университеті жанындағы колледж студенттері Лондонда өнер көрсетті. Бұл – қазақстандық джаз-бэндтің Ұлыбританияға алғашқы сапары. Лондонға барар алдында студенттер қатаң іріктеуден өткен. Репертуарға да ұйымдастырушылар асқан жауапкершілікпен қарап, бірнеше ай дайындалған. Шетелдік шығармалардан бөлек жас музыканттар джазға бейімделген қазақтың «Илигай» және «Сүгірдің термесі» сияқты әндерін нақышына келтіріп орындады. Қазақстандық жастар джаз-бэндінің Лондондағы концерті «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асты. Жобаға Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігі қолдау білдірді.

3. Қызылорда қаласында Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің қолдауымен «Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық Одағы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Текті сөздің төресі – терме» атты республикалық жыршы-термешілер байқауы өтті. Тоқмағамбетов атындағы Мәдениет орталығында өткен сайысқа республиканың 14 облысы мен 3 мегаполисінен 17 өтініш түсіп, іс жүзінде 13 үміткер өнер көрсетті. Байқау қорытындысы бойынша бас жүлде – Алматы облысынан қатысқан Елбол Қуанбекке бұйырды.

«Classic» радиосын Нұр-Сұлтан қаласында 102,7 FM, Алматы қаласында 102,8 FM, Ақтау қаласында 103,0 FM толқынынан тыңдай аласыздар.