Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

«Жапандағы жалғыз үй»

«Жапандағы жалғыз үй»

Жазушы Сәкен Жүнісовтің «Жапандағы жалғыз үй» шығармасы қос ғасырды кезек-кезек алмастырып, кеңістік пен уақытты ауыстырып суреттеу әдісі арқылы жазылған шығарма.

Автор Сұлумұрт, Халел мен Жәлелді, Райхан мен Күргерейдің тағдыр жолының арасына көпір тастап, салыстыра суреттеп, соңғы түйінді оқырманның еркіне қалдырады.     

Уақыт арасындағы және кейіпкерлер арасындағы байланыс сәтті бейнеленеді. Мысалы, өткен мен болашақ, Сұлумұрт пен Қарасайдың арасындағы тартыс оқырманға ұнауы сөзсіз.     

«Жапандағы жалғыз үй» романы осы уақытқа дейін қазақ даласына жасалған кеңес дәуіріндегі жағымсыз әрекеттерді әшкерелеп, ұрпаққа жеткізген көркем туынды.     

Бүгін сағат 21:00-де Қазақ радиосының «Көкжиек» хабарынан «Жапандағы жалғыз үй» романының 23-бөлімін тыңдай аласыздар.     

Хабардың редакторы: Альмира Елімсары.