Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Іздеу саламыз!

Іздеу саламыз!

Хат қоржынынан:

- Мен Оразаева Ляйля туған анамды іздеп жүрмін. Өзімнің асыранды бала екенімді бір құжаттан оқыдым. Одан кейін ол құжатты анам жоқ қылды. Мені асырап алған анама ризамын. Мәңгілік қарыздармын. Ол кісі маған шындықты айтпастан 2014 жылы өмірден озды. Біреулер мені Семейдегі "Сәби" үйінен алған десе, енді бірі Аягөздегі перзентханаға қалдырған тастанды бала дейді. Туысқандардың арасында шындықты білетіндер бар, бірақ маған айтпайды. Бар білерім, менің туған анамның фамилиясы Назгүл, Назым немесе Назигүл Опабаева. Мен 1987 жылы дүниеге келіппін, туған анам ол кезде 18 жаста екен. Мүмкін туған анам да мені іздеп жүрген шығар. Мені асырап алғанда аты-жөнімді өзгертіп тастаған. Менің есімім қазір Ляйля, бұрын Зарина Опабаева болған. Анашым, бұл шешімің — жастық шақтың қателігі болар, естіп отырсаңыз, хабарласыңыз. Мен сізді іздеп жүрмін...

***

"Бармысың, бауырым?" хабарын Қазақ радиосының әуе толқынынан әр сейсенбі, 10:15- те тыңдай аласыздар. Хабардың жүргізушісі: Қымбат Досжан, редакторы: Әсел Асқарқызы. Тікелей эфир студиясының нөмірі: 8(7172)757275. Қосымша ақпарат алу үшін +77075355383 (whatsapp) нөміріне хат жолдаңыз.

Бүгінгі хабар 10:15- те басталады, хабарды "Қазақ радиоларының" Youtube және Facebook әлеуметтік желі парақшаларынан тікелей эфирде де көру мүмкіндігі бар.

Жақыныңыз жаныңыздан табылсын!

#қазақрадиолары

#бармысың_бауырым

@barmysyn_bauyrym2017