Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Мас күйінде көлік жүргізгендер темір торға тоғытылуы мүмкін (Қаз/Рус)

Мас күйінде көлік жүргізгендер темір торға тоғытылуы мүмкін (Қаз/Рус)

Мас күйінде көлік жүргізгені үшін көлік жүргізу құқығынан өмір бойына айырылып, 10 жыл темір торға тоғытылуы мүмкін.

Мас күйінде көлік құралын басқарған жүргізушілерге қатысты жазаны қатаңдату жөніндегі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырма бергеніне тура бір ай уақыт өтті. Өткен аптада Мәжіліс отырысында Бас прокуратураның ІІМ-мен бірлесе жасаған ("ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамаларын жетілдіру бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы") заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Құжатқа сәйкес, егер жүргізуші мас күйінде кісі қағып, ол мерт болса, онда кінәлі адам көлік жүргізу құқығынан өмір бойына айырылып, 10 жыл темір торға тоғытылуы мүмкін. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов мәлімдеді. Ал «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» кодекске сәйкес, мас күйінде көлік жүргізгені үшін қамауға алу мерзімі 30 тәулікке, ал көлік жүргізу құқығынан айыру жазасы 8 жылға дейін ұзартылады. Алайда тәуелсіз автокөлік одағының төрағасы (НАС) Эдуард Эдоков бұл мәселеде асығыстыққа жол бермей, тиімді шешім қабылдау керек деп есептейді.  

«Мас күйінде көлік жүргізіп, адамды қағып өлтірген жүргізушілерді қатаң жазалау керек. Қабылданған шешімдер тиімді болуы үшін жіті сарапталуы тиіс. Сөз күйінде емес, шын мәнінде іске асатын тетіктерді енгізу қажет. Әлемдік тәжірибені мұқият қарастырайық. Мүмкін мұндай қылмысқа он жыл емес, жеті жыл да жетіп қалар. Бәлкім, сол кезде бұл тиімді болар. Жеті жылдан асса, пара беріп құтылады, ал жеті жылдан аз болса, заңды бұзудан тайсалмайды. Біз бүгінде сағатына 80 шақырым жылдамдыққа тыйым салдық, кейін сағатына 60 шақырым енгіздік. Ал кейін қайтадан 80-ге рұқсат еттік. Біресе ала таяқты алып тастаймыз, біресе қайтадан қолданамыз. Осындай келеңсіздіктер қайталанбауы үшін шешім қабылдамас бұрын таразылап алу қажет. Қатаңдатудан бөлек, қандай да бір механизм керек, яғни түсіндіру жұмыстарына ден қою керек. Бұл - міндетті шарт. Әлеуметтәк желілерде, ІІМ-нің сайтында. Бұл өз жемісін береді. Әлеуметтік желілерде елге танымал тұлғалардың аты-жөндері аталып жатса, бұл құзырлы органның тиісті шара қабылдауына ықпал етеді. Олар тәуелсіз заңгерлерді шақырды ма? Заңдық тұрғыдан сауатты қоғам өкілдерін шақырды ма? Көлік жүргізушілерінің пікірімен санасты ма? Жоқ, мұның ешқайсысы ескерілмеді. Президент қатаң тапсырма берді, бір айдан кейін заң жобасы дайындалды, қазір оны бірінші оқылымда мақұлдады. Екіншісінде де, үшіншісінде де солай. Бұл бірінші жағдай емес, әрқашан осылай».

Эксперттің пікірінше, жазаны тым қатаңдату сыбайлас жемқорлықтың күрт өсуіне әкеп соқтырады.

«Қазақстанда бірқатар заң қатаң әрі қатал. Бірақ, өкінішке қарай, сол заңдардың орындалып жатқаны шамалы. Елімізде жемқорлықтың өршіп тұрғанын құқық қорғау саласындағы шенеуніктердің өздері де мойындайды. Жаза ауыр болған сайын одан құтылу үшін ақшасын аямайтындар көбейеді. Қазір сізді босату үшін 2-3 мың доллар жетіп жатса, енді ол 5 мың долларға дейін көтеріледі. Ақыл-есі дұрыс адам көлікке мас күйінде отырмайды. Қалтасы қалың, тамыр-танысы көп адамдар ғана мас күйінде көлік жүргізуден қорықпайды. Яғни, жазаны күшейткенмен, ол ештеңені өзгертпейді».

ІІМ дерегі бойынша биыл 9 айда мас жүргізушілердің қатысуымен республика бойынша 342 жол-көлік апаты болған. Соның салдарынан 64 адам көз жұмып, 493-і жарақат алған.

***

Независисый эксперт: чрезмерное ужесточение наказания за вождение в нетрезвом виде может привести к увеличению размера «взяток».  

Прошел ровно месяц с момента поручения Президент об ужесточении наказание за пьяное вождение. И вот уже на минувшей неделе в Мажилис в первом чтении был одобрил законопроект ("О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты РК по вопросам совершенствования уголовного и уголовно-процессуального законодательства"), подготовленный генпрокуратурой совместно с МВД, согласно которому в Казахстане хотят пожизненно лишать права управлять транспортом виновников ДТП со смертельным исходом, если они находились в момент его совершения в состоянии опьянения. Кроме того, человеку будет грозить лишение свободы до 10 лет. 

Об этом сообщил заместитель генерального прокурора Марат Ахметжанов. Согласно Кодексу об административных правонарушениях, срок ареста за вождение в нетрезвом виде продлевается до 30 суток, а срок лишения права управления транспортным средством будет продлён до 8 лет. Однако, автомобильный эксперт, председатель Независимого автомобильного союза (НАС) Эдуард Эдоков считает, что в этом вопросе нужно принимать «умные» решения, а не быстрые.  

«Надо жестко наказывать пьяных за рулем, которые совершили ДТП где погибли люди. Для того, чтобы принятые решения были эффективны – нужно проанализировать. Работающие инструменты нужно внедрять. Может быть, когда мы изучим эту ситуацию по миру, покажут нам, что не 10 лет надо, а 7. Тогда это эффективно. Больше семи лет – начинаются «взятки», меньше семи – не бояться, условно. Исходя из объективных исследований нужно принимать «умные» решения, а не «быстрые». Сегодня мы 80км\ч запретили, потом ввели 60 км\ч, а потом снова ввели. То жезлы мы отменили, то опять ввели. Чтобы подобного не было, решения должны приниматься взвешенно и грамотно. Помимо ужесточения необходим какой-то механизм, нужно как можно больше огласки. Это обязательное условие. Во всех социальных сетях, на сайте МВД. Это работает. Когда соц.сети начинают «склонять» известную фамилию – это будет играть роль превентивной меры. Они пригласили независимых юристов? Они пригласили грамотную общественность, чтобы с другой стороны посмотреть? Узнали мнение автомобилистов? Нет, этого ничего не было. Президент сегодня поругался, через месяц они настругали законопроект, сейчас его в первом чтении приняли, и во втором и третьем также – и все. И так всегда это бывает».

Эксперт отмечает, что принятие таких решений требует обсуждения с общественностью, независимыми экспертами, в числе которых и юристы. Кроме того, плохо проанализированное, чрезмерное ужесточение наказания чревато увеличением суммы «взяток».

«В Казахстане ряд законов довольно строгие и жесткие. Но, к сожалению, жесткость этих законов нивелируется необязательностью их исполнения. В случае с Казахстаном, с большими объемами коррупции, и это признают сами чиновники, руководители МВД, административной полиции, чем сильнее, страшнее и жестче наказание – тем будет больше повышаться плата, скажем так, за «развод на месте». Сейчас две-три тысячи долларов стоит чтобы вас отпустили, будет стоить пять тысяч долларов. Обычный, простой человек в здравом уме не сядет пьяным за руль. Садятся те, которые имеют в кармане какое-то количество денег, или какой-то «заветный телефон», или какую-то «корочку», которая позволит им в случае чего «развести на месте». То есть, как бы мы не ужесточали – это не будет работать так»

По данным МВД РК, за девять месяцев этого года нетрезвые водители совершили 342 ДТП, в которых погибли 64 и получили ранения 493 человека. Жертвой подобного происшествия может стать любой человек. Ужесточение ответственности за вождение в состоянии опьянения должно снизить число нетрезвых водителей на дорогах страны.