Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

«Ақ бесікке тербете гөр Алаш елі»

«Ақ бесікке тербете гөр Алаш елі»

Қырғыз бен қазақ әдебиеті ертеден туыстас. Қырғыздың әр алуан жанрдағы бай ауыз әдебиетінің үлгілеріне өлең-жырлар, ертегі-аңыздар, тұрмыс-салт жырлары жатады. «Кеденхан», «Қожаш», «Жаңыл-Мырза», «Ер Төстік» секілді жыр-дастандары сақталған. Ал қырғыз фольклорының інжу-маржаны, ең шырқау биігі – «Манас» эпосы. Ал қырғыз жазба әдебиетінің негізін қалаушы, халық поэзиясының классигі, халық ақыны, композитор, әрі музыкант, әрі әнші Тоқтағұл Сатылғанов. Ал одан кейінгі әлемге аты әйгілі ұлы жазушы Шыңғыс Төреқұлұлы Айтматов.

Қазақ халқының, қазақ әдебиетінің шын жанашыры болған Шыңғыс Айтматов қырғыз-қазақ халықтарының достығын нығайтуға, өзара рухани кемелденуіне зор үлес қосқан азамат.

Шыңғыс Айтматов салған сара жолмен екі елдің мәдени-әдеби байланыстары күн сайын нығайып, жақындасып келеді. Бүгін хабарымыздың қонағы жас та болса үлкен істерге қадам басып, қырғыз әдебиетіне айтулы үлес қосып, қазақ жырларын қырғыз тіліне аударып еңбек етіп жүрген Қырғызстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының ғылыми қызметкері, ақын, аудармашы Перизат Алмазқызы.


Перизат Алмазқызы – 1992 жылы 22 қаңтарда Нарын облысы, Кочкор ауданында дүниеге келген. Жастайынан әдебиетке құмар Перизат орта мектепті бітіріп, Қырғыз Ұлттық университетінің филология факультетіне оқуға түсіп, 2015 жылы үздік дипломмен тәмәмдаған. 2016 жылы, Қырғызстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясына ғылыми қызметкер болып орналасқан Перизат әдебиет майданына тайсалмай еніп кетті. Әртүрлі ұлттық жобаларға қатысып, ғылыми ізденісте жүріп, түрлі тақырыптарды зерттеп, қырғыз әдебиетіне өз үлесін қосқан қайсар қыз.

Перизат Алмазқызы жақында Нұр-Сұлтан қаласына жұмыс барысымен көшіп келді. Ақын жүректің Елордамызға келгенде жазған алағашқы өлеңі былай деп өрілді.

Ала-Тоодон Астанага

Баш калаага!

О, Қазағым, мен келдим

Өлөң алып жаш жанарга.

Ак бешике термете көр

Жат санаба!

Алашым улуу элим

жан садага!

Қыргыз-Қазақ достугу

Жарк жанарда,

Башты ийип бакубат бабаларга.

Таазим эттим

Ауэзов, Махамбет, Абайларга!

Ыр төгүп нөшөрлөтүп

дайра -дайра.

Ала-Тоодон Астанага

Баш калаага!

Алдым - дайра, айланам көл

Кең талаага.

Гүл-гүл төгөм жүрөктөн

кайра-кайра!

Үркөр жылдыз байладым

Көк байрака.

Перизат Алмазқызымен сұхбатты толығырақ "Түркі әлемі" хабарының аудионұсқасынан тыңдай аласыздар.

Хабар редакторы: Толқын Сұлтанова.