Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Мәдениет жаңалықтары

Мәдениет жаңалықтары

1. «Орынборда «Егемен Қазақстанның» тұңғыш «Ұшқын» деп аталған алғашқы редакциясы орналасқан ғимаратқа ескерткіш тақта орнатылды. Бұл туралы «Egemen Qazaqstan» республикалық газеті» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі Facebook парақшасына жазды.

2. Түркістан облысының Арыс қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік жиын өтті. «Елбасы – елдің тірегі» тақырыбында өткен салтанатты шарада еліміздің дамуына үлес қосқан бірқатар азаматтар алғыс хаттармен марапатталды, сонымен қатар, кеште бишілер мен әншілердің мерекелік концерті өткен болатын.

3. Елордада Республикалық «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық әндер фестивалі өтті. Түрлі өңірден келген 300 жас патриоттар вокал, фольклорлық орындаушылар және вокалдық-аспаптық ансамбль атты үш номинация бойынша өз өнерлерін ортаға салған еді. Айта кетейік Фестивальдің басты сыйлығы, Гран-приға «Арыстан» мамандандырылған лицейінің «Авангард» ансамблі ие болды .

«Classic» радиосын Нұр-Сұлтан қаласында 102,7 FM, Алматы қаласында 102,8 FM, Ақтау қаласында 103,0 FM толқынынан тыңдай аласыздар.