Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

"Жанашыр" ҚҚ жүлделері "ҚАЗАҚ РАДИОЛАРЫНДА"

Халықаралық "Жанашыр" қоғамдық қоры «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының #CISC ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік гранттарды ұсыну конкурсының нәтижесі бойынша «Бірыңғай ортақ құндылықтарды қалыптастыру, сондай-ақ Қазақстан этностары арасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету» тақырыбындағы жобаны жүзеге асыруға кіріскен болатын.

Жоба мақсаты - Бірыңғай ортақ құндылықтарды қалыптастыру, сондай-ақ Қазақстан этностары арасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету.

Жобаның міндеттері:

• Өзара іс-қимыл саласын кеңейту және Қазақстан этностары коммуникациясының жаңа арналарын жандандыру;

• әртүрлі этностық топтар өкілдерінің қазақтардың тарихы, дәстүрлері, мәдениеті, діні, рухани орталықтары, философиясы, әдебиеті, өнері, тұрмысы және ой-санасы туралы неғұрлым толық білім алу жүйесін қалыптастыру;

• жастарды қазақ халқының құндылықтарын тарату, ену және қабылдау процесіне белсенді тарту;

• қазақ халқының құндылықтарын барлық қазақстандық этностардың құндылықтар жүйесіне органикалық қосу;

• Қазақстан этностарын олардың қазақ халқының құндылықтарын қабылдау және рухани қазақ халқының өмір құбылыстары мен формаларын оның бүкіл тарихы бойы және қазіргі заман жағдайында жүзеге асыру.

• Бірыңғай ортақ құндылықтарды қалыптастыру, сондай-ақ Қазақстан этностары арасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету.

Жоба 2019 жылғы қараша айының соңына дейін жалғасты. Барлық азаматтар, этностық топтар өкілдері, қоғамдық ұйымдар мен мекемелер, жастар ұйымдары мен студенттер атсалысқан жобаның жеңімпаздары:

• «Баспасөз басылымындағы үздік мақала» номинациясында Нұрболат Пірімбет (І орын), Хумарзах Алтынбек (ІІ орын) және Динара Мыңжасарқызы (ІІІ орын);

• «Үздік Телесюжет/ телебағдарлама» номинациясында Аян Ермекұлы (І орын), Тәтті Өтеғалиева (ІІ орын) және Гүлназия Мұстапова (ІІІ орын);

• «Үздік радиосюжет/ радиобағдарлама» номинациясында Садибекова Салтанат (І орын), Жұмакүлбаева Жадыра (ІІ орын) және Кобжанова Гулсим (ІІІ орын);

• «Үздік фоторепортаж/видеорепортаж» номинациясында Мерей Қайнарұлы (І орын), Саламат Серікбай (ІІ орын) және Салтанат Ерланқызы (ІІІ орын).

Ал, «Жанашыр» қорының Арнайы дипломымен «Егемен Қазақстан» газетінің қызметкері Заңғар Кәрімхан, «Сыр бойы»газетінен Ержан Қожас, «Алматы» телеарнасынан Жанат Әйтенова, «Ақтөбе» газетінен Айбек Тасқалиев, «Қазақ радиолары» ЖШС-нан Ольга Асхожина және Екатерина Белоусова марапатталды.

Әлеуметтік желілер бойынша:

• «Батаменен ел көгерер» бейне байқауында Абдуллаев Мұратбек Тұрдымұратұлы (І орын), Әсілақынқызы Рауза (ІІ орын), Ерған Мұхамеди мен Күнзия Үмітаева (ІІІ орын);

• «Туған жер» («Родная земля») фото және бейне байқауында Ержан Жаубай мен Венера Зікірбаева (І орын) жеңімпаз деп танылды.