Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Мәдениет жаңалықтары

Мәдениет жаңалықтары

1. Опера сахнасының аңызға айналған тұлғасы, Социалистік Еңбек Ері, КСРО Халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Бибігүл Ахметқызы Төлегенова бүгін «Астана Опера» сахнасында мерейтойын атап өтеді. Кеште «Астана Опера» театрының симфониялық оркестрі қатысып, Бибігүл Түлегенованың 10 халықаралық вокалисттер конкурсының гран-при иегері, италиялық Оресте Козимо өнер көрсететін болады. Бұдан бөлек аталмыш кеште Бибігүл Төлегенованың шәкірттері мен «Астана Операның» солистері, белгілі өнер жұлдыздары қатысатын болады. Айта кетейік, бұл шығармашылық кеш әртістердің ұлы әншіге жасаған музыкалық тартуы болмақ.

2. Алматыда «Елін сүйген Елбасы» атты жиын өтті – деп хабарлайды Қазақстан телерадиокомпаниясы. Достық үйінде өткен жиынға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, республикалық этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен белгілі тұлғалар және белсенді жастар қатысып, пікір алмасты.Сонымен қатар, шарада «Елбасы және Қазақстан жастары» атты фотокөрме мен «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» кітап көрмесі өткен болатын. Аталмыш шара жайлы, Қазақстан халқы Ассамблея төрағасының орынбасары – хатшылық меңгерушісі Жансейіт Түймебаев өз ойымен бөлісті.

3. 4 желтоқсанда Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында Өнер мектебінің балалар шығармашылығына арналған бірінші «Туған жерім - Алматы» атты көрмесі ашылады. «Туған жерім - Алматы» көрмесіне сәндік қолданбалы өнердегі Коллаж техникасында пейзаж, портрет, тақырыптық жанрларындағы туындылар жалпы 150 шақты жұмыс қойылады. Экспозициядан мектеп оқушыларының аппликация техникасындағы көңіл күй беретін әр түрлі туындыларын көруге болады. Айта кетейік, аталмыш көрме ағымдағы жылдың желтоқсанның 19-на дейін өтетін болады. 

«Classic» радиосын Нұр-Сұлтан қаласында 102,7 FM, Алматы қаласында 102,8 FM, Ақтау қаласында 103,0 FM толқынынан тыңдай аласыздар.