Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

МӘМС: 2020 жылдан бастап жаңа жүйе жүзеге асады

МӘМС: 2020 жылдан бастап жаңа жүйе жүзеге асады

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселесін қозғай келе, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап елімізде Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылатынын айтқан болатын.

Жалпы елімізде әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры құрылғалы бері екі жылдан астам уақыт өтті. Жалпы әлеуметтік медициналық сақтандырудың тиімділігі қандай? Бүгінге дейін медициналық сақтандыру қоры өз жұмысын қалай жүргізіп отыр? Қорға қанша қаражат жиналды? Халыққа бұған дейін тегін көрсетіліп келген медициналық қызметтің жай-күйі қалай болмақ? Бұл туралы әлеумет не дейді?

Сұрақ-жауап: /Сауалнама depagri.pavlodar.gov.kz/ сайтынан алынды/

Ел азаматы ретінде, МӘМС-тің мен үшін тиімділігі?

- Біріншіден, МӘМС ҚР аумағында Сіз өзіңіз таңдаған кез келген емханадағы медициналық көмек ала аласыз. Бұл жағдайда, емхананың шығыстарын Қор толығымен өзі өтейді;

Екіншіден, ТМККК және МӘМС пакеттері шеңберінде қарастырылған медициналық көмекке жұмсалатын қосымша төлемдердің барлық түрінен босатыласыз;

Үшіншіден, Сізге елдің кез келген дәріханасында ұсынылатын дәрілік заттардың құрамы бойынша кеңейтілген және жақсартылған тізбесіне толық қолжетімді болады (Қорда фармацевтикалық қызметтердің жеткізушілері ретінде тіркелген);

Төртіншіден, МӘМС қоры Сіздің пайдаңызға аударылған жарналар туралы және Сізге медициналық ұйымдарда көрсетілетін қызметтер туралы ай сайын ақпарат алуға мүмкіндігіңіз бар;

Бесіншіден, сапасыз қызмет көрсетілсе немесе МӘМС қатысушысы ретінде құқықтарыңыз бұзылған жағдайда Қор Сіздің сақтандырылған азамат ретінде құқықтарыңызды және мүдделеріңізді қорғайды.

МӘСҚ-мен шартқа отырмаған коммерциялық клиникалардың дәрігері жазып берген дәрілік заттарға жұмсалған шығыстарды МӘСҚ өтей алады ма? 

-Коммерциялық клиникалардың дәрігері жазып берген дәрілік заттарды МӘСҚ арқылы Қор мен клиника арасында шарт жасалған жағдайда өтеледі.

Медициналық сақтандыру дәрігер жазып берген дәрілерге жұмсалған шығынның орнын толтырады ма және қандай аурулар 100%-дық өтеледі?

-Мемлекет қазіргі кезде халыққа ұсынылатын тегін дәрілік заттардың тізімін анықтады. МӘМС пакеті шеңберінде осы тізбе сақталып қана қоймайды, сондай-ақ оның бірқатар позициялары кеңейтіледі және жақсартылады.

Сақтандырылған адам ММС жүйесінде республикадан тысқары жерде тегін емделе алады ма? 

-Жоқ. Медициналық сақтандыру қоры Қазақстан Республикасында көрсетілген медициналық қызметтерге ғана ақы төлейді.

Елімізде әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры құрылғалы бері екі жылдан астам уақыт өтті. Осы аралықта қордың жұмысы қалай жүргізіледі, азаматтар медициналық мекемелерге деген арыз-шағымын қалай жеткізеді деген сауалдарға жауап іздеп көрдік. Бұл туралы Қазақ радиосына берген ҚР Денсаулық сақтау министрлігі МӘМС қоры Халықпен жұмыс жөніндегі департамент менеджері Сұлтанова Ақтолқын Ақылбекқызына назар аударсақ.

МӘМС жүйесіне ақша аудару 2020 жылы 1 қаңтардан бастап барлық қызметкерге міндетті болатынын білеміз. Ал, жұмысқа ресми түрде орналаспаған, жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген, азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшарт бойынша қызмет көрсетпейтін азаматтар дәрігер қабылдауына қалай кіре алады?

– 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап МӘМС жүйесінде әрбір азамат өзінің жалақысынан 1 пайыз жарна аударуы тиіс. Егерде азаматтар жеке кәсіпкер ретінде тіркелмесе, жұмыссыз болып, өзін айқындалмаса, өз-өзіне жарна аудармаған жағдайда әлеуметтік медициналық жүйесінде көмек ала алмайды. Бірақ кепілдендірілген медициналық көмекті ешкім шектемейді. Кепілдендірілген медициналық көмек жарна аудармағандарға да көрсетіледі.

Дербес төлем жасаушылар (самоплательщики) өз міндеттерін орындамаған жағдайда оларға медициналық көмек көрсетіле ме? Қандай деңгейде?

– Егер де дербес төлем жасаушылар өз міндетін орындамаған жағдайда олар МӘМС жүйесінде медициналық көмек алмайды. Бірақ бұрын айтып өткеніміздей, кепілдендірілген көмекке қол жеткізе алады. Бірақ дербес төлем жасаушыға қандай да бір технологиялық операциялар қажет болса (КТ, МРТ), оның барлығы МӘМС жүйесінде көрсетіледі. Сол себепті әрбір азамат қазірден бастап өзінің статусын тексеріп, 2020 жылға дейін мәселесін шешіп алуы керек.

Сапалы медициналық қызмет ала алмаған жағдайда пациент кімге шағымдана алатынын нақтылап өтсеңіз.

– Биыл қыркүйек айынан бастап Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 1406 байланыс орталығын іске қосты. Әрбір азамат медициналық қызмет алу барысында өзінің құқығын білуі үшін немесе қандай да бір медициналық мекемеге арыз-шағымы болса, онда 1406 нөміріне хабарласса болады.

Жалпы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап толыққанды іске қосылады. Бастапқы үш айда МӘМС пакетіндегі қызметтерді статусына қарамастан еліміздегі барлық азаматтар пайдалана алады, бірыңғай жиынтық төлемді Egov порталы арқылы онлайн режимде, сондай-ақ, кез-келген екінші деңгейлі банк пен «Қазпошта» бөлімшелері арқылы төлеуге болады. 

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың артықшылықтары мұнымен ғана шектелмейді. Тағы бір айта кететіні, жаңа жүйе бойынша азаматтардың жеке шығындары да азаяды. Әдетте, денсаулық сақтаудың жалпы шығындары бойынша елімізде 35 пайыздан жоғары болса, ал, дүние жүзі елдерінде 20 пайыз деңгейінде екен. Осыған дейін көрініс алып келген дәрігерлерге «ризашылығын» білдіру үшін берілетін «бейресми төлемдер», медициналық көмекке өз қалтасынан төленетін қаражаттың кемитінін де айта кеткен жөн.

фото 24.kz сайтынан алынды.