Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Жастарды теріс ағымға не итермелейді?

Жастарды теріс ағымға не итермелейді?

«Ықылас» бағдарламасында "Рахымқызы Райса ана" мешітінің найб имамы Отаров Ильяс Асангелдіұлы қонақта болды.

Бүгінгі қасиетті жұма тақырыбы, жұма уағызы – жастар мәселесі.

Бүгінгі жастардың бейнесі бәсекеге қабілетті, жарқын жүзді, білімге құштар, ар-намысы мен рухы биік, тарихына таныммен, құрметпен қарайтын, еліне жаны ашитын, адамгершілігі мол жан болуы тиіс. Бұдан шығар қорытынды – жастарға қолжетімді істер жасай отырып, оларды елін сүюге үйрету. Алаштың аманатын арқалап, асыл мұратты жүзеге асыратын, елін, жерін қорғап, елдігімізді арттыратын жастар тәрбиелеу болмақ!

Әуелі жастар деген кім? Оларға қандай миссия жүктеледі? Бүгінгі заманның жастары қандай болу керек? Еліміздегі жастарды тәрбиелеуде қандай кемшіліктерді атап өтуге болады? Жастарды теріс ағымға не итермелейді? Экстремизмнің қоғамға таралуының басты себептері қандай? Сұхбат осы және өзге де сұрақтар төңірегінде өрбіді.

Толық ақпарат аудионұсқада.

«Ықылас» бағдарламасын әр жұма сайын сағат 10:15-те Қазақ радиосының эфирінен тыңдай аласыздар.