Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

«Қатерлі дерттен құтылсақ екен»

«Мың алғыс» хабарының бүгінгі саны мидың қатерлі ісігіне шалдыққан Мәриям Қуанышқызына арналды.  

Мәриямға 2019 жылы сәуір айында Қазақстанда операция жасалып, ісіктің бір бөлігін алып тастайды. Алайда, ісікті түбегейлі жою мүмкін болмағандықтан ата-анасы әрі қарай ізденіп, Корея мемлекетінде ем алуға шешім қабылдайды. Ол жақтағы медициналық тексерулер мен түрлі ем-шаралардың құны 62 500 000 теңгеге жоспарланған. Ағайын-туыс, дос-жаран, көпшіліктің арқасында қажетті қаражат жиналған да еді. Бірақ, Мәриям аяқ асты жансақтау бөліміне түсіп, ата-анасы жоспардан тыс қаржы жұмсауға мәжбүр болды. Қазіргі таңда кейіпкердің еміне 15 000 000 теңге қаражат керек. Сонымен қатар, бағаналы жасушаның трансплантациясын жасау үшін де көптен көмек сұрап отыр.  

Анасы Дәмежан Мүбәракова хабарымызға Сеулден қоңырау шалып, қызының жағдайы туралы баяндады. «Қатерлі дерттен құтылсақ» деген ананың жүрегінде жалғыз ғана тілегі бар. Толығырақ, «Мың алғыс» хабарының видео/аудионұсқасынан таныса аласыздар.

Өмірге келе сала ауыр сынаққа тап болған Мәриямға демеу болайық!

Мәриям Қуанышқызының анасы Дәмежан Мүбәракқызының атына ашылған есепшот:  

KASPI GOLD: 5169 4931 5208 1314

ЖСН: 8904 0445 0885

Мәриямның әкесі Қуаныш Бабиевтің атына ашылған есепшоттар:  

HALYK BANK: 4390 8782 3453 5804

СБЕРБАНК: 4578 3200 0202 5456

ЖСН: 8804 2235 0845