Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Мәңгілік ел

Мәңгілік ел

Біз үшін болашағымызға бағдар етіп, ұлтты ұйыстыра ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – мәңгілік ел идеясы. Тәуелсізідігімізбен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізеді. Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Бүгінгі ұрпақ – қазақтың мәңгілік перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық едеясы – Мәңгілік ел.

                                                                                   - Нұрсұлтан Назарбаев

Иә, Мәңгілік ел. Бұл ата – бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман – Тәуелсіз Мемелекет атану еді. Ол арман – тұрмысы бақуатты, түтіні түзу, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайты бақытты Ел болу еді. Бүгінде Қазақ елі сол ата – баба арманын ақиқатқа айналдырды. 

"Еркіндік, тәуелсіздік – асыл арман. Оған жетудің жолдары да әрқилы. Ал, қазақ халқы бостандық жолында талай тар жол, тайғақ кешулерді басынан кешірді. Ұрпақтың келешегі үшін күресе білді. Алайда, біз тәуелсіздікке оңайшықпен жеткен жоқпыз", - дейді осы хабарда Ақселеу Сейдімбек. 

Ал, Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаев: - Азаттық деген асыл сөз. Тәуелсіздік деген тәтті ұғым. Бұл – кешегі ел үшін егеулі найза қолға алып, ұлтарақтай жер үшін ат үстінен түспеген батыр бабалардан қалған жәдігер сөз. Біз – ғасырлар бойы аңсап, еркіндікке қолы жеткен, арман-мұраты тең өрілген, тай қазаны ортаймаған қазақ деген байтақ ел, дана халықпыз. Ендеше, ұлттық ұпайымыздан айырылмауымыз керек,- дейді. 

Ақселеу Сейдімбек пен Әбіш Кекілбаевтың дауысы Қазақ радиосының «Алтын қорынан» алынды.

Ал хабардың толық нұсқасын үнтаспадан тыңдай аласыздар.

Авторы: Жанат Жанұзақ.