Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақ радиосының 100 жылдығы қарсаңында байқау жарияланды

Қазақ радиосының 100 жылдығы қарсаңында байқау жарияланды

Ғасырлық мерейтойға арналған логотипке байқау жариялаймыз! 

Талаптар:

- Ғасырлық тарихы бар Қазақ радиосын дәріптеу әрі тақырыпты ашу;

- Қолданыстағы (бекітілген) логотипті негізге алу; 

- Түсі мен шрифттер бекітілген логотипке сәйкес келуі тиіс; 

  (brand book сілтемесі https://qazradio.fm/kz/events/3/)

- Авторлық құқықтарға сәйкес болу; 

- Көшірме болмауы;

- Байқауға қатысатындар авторлық жобасын JPEG форматта қысқаша мәтінмен (түсіндірмелік) qazradio100@gmail.com электронды поштасына жолдауы тиіс;

- Байқауға 14.01.2020- 14.02.2020 жыл аралығында жарияланған жұмыстар қабылданады;

- Түскен материалдың барлығы әлеуметтік желіге жариялау құқына келіскен деп есептеледі;

 - Үздік шыққан логотип ұлт үнжариясының 100 жылдығына орай ұйымдастырылатын барлық шарада қолданылады;

- Жеңімпазға 100 000 /жүз мың/ теңге көлемінде сыйақы ұсынылады.

- Жеңімпаз анықталған соң логотип CorelDRAW форматта көрсетілген электронды поштаға жіберілуі қажет;

- Жеңімпаздар 17 ақпан күні анықталады

Нұсқаны Қазпошта арқылы жіберсеңіз «Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі 4, Қазмедиа орталығы, «Қазақ радиолары» ЖШС» мекен-жайына жолдаңыз.

Еске сала кетейік, қарашаңырақ-Қазақ радиосының ғасырлық мерейтойы 2021 жылы тойланады.