Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Ұлықпан Жолдасов: Халыққа сапалы, құнды дүниелер қалдырсам деймін

Ұлықпан Жолдасов: Халыққа сапалы, құнды дүниелер қалдырсам деймін

«Жадымда қалған сол әуен» хабарында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші, сазгер Ұлықпан Жолдасов қонақта болды. 

«Мен лирикпін, бірақ соңғы кездері туған ел, кең байтақ жеріміз, отансүйгіштік тақырыбында әндер жазуға бет бұрдым. Жас буынның ұлттық рухын асқақтатуға үлесімді қосып, халыққа сапалы, құнды дүниелер қалдарсам деймін»,- деді сазгер. 

Сондай-ақ, Ұлықпан Жолдасов сұхбат барысында жағымды жаңалықтарымен де бөлісті. 

« Жаңа жылдағы жаңалығым – қызым Фарида Жолдасованың сәуір айында ән кеші өтеді. Қазір концертке дайындық үстіндеміз»,- деді студия қонағы.

Ұлықпан Жолдасовтың сұхбатын толығырақ хабардың аудионұсқасынан тыңдай аласыздар.

Сұхбаттасқан Ғалия Есқұлова.