Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Сыртқы сауданың сыны мен сыры

Сыртқы сауданың сыны мен сыры

Кеше Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановты қабылдап, онда министр ішкі және сыртқы сауданы дамыту, экспортқа шығарушыларды қолдау, интеграциялық үдерістер, ішкі нарықты контрафактілік өнімнен қорғау сияқты негізгі бағыттар бойынша атқарылған жұмыстарының қорытындыларын баяндаған болатын. Біз де ізін ала осы тақырыпты талқылауды жөн көрдік. 

Жалпы әлемдік нарықта сан ғасырлар бойы қалыптасып қалған алпауыттар бар, олар дамыған елдің компаниялары. Сондықтан дамушы елдердің сыртқы саудасының дамуы екіталай. Қазақстанның географиялық орналасуын алатын болсақ, теңіз-мұхиттарға жолдары бар Ресей мен Қытаймен шектеседі, бұл экспорттағы бәсекелестікті тіптен қиындатады.

Алайда Қазақстанның ерекше басымдығы бар – ол табиғи өнім шығару. Органикалық өнімдерден жасалатын өндірістік сапалы тауарлар қашанда сұраныста болмақ. Сондықтан болар отандық кәсіпкерлерді мемлекет әрқашан қолдап келеді. Осы мәселеге орай «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ Экспорттық талдау жөніндегі жобалардың басшысы Шыңғыс Торез мырза Қазақ радиосының "Басты тақырып"  хабарына сұхбат берді.

Хабарды жүргізген Алмас Байдрахман.