Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Арнайы репортаж: Нұр-Сұлтаннан шыққан "Тұлпар-Тальго" пойызы Алматыға жете алмады

Арнайы репортаж: Нұр-Сұлтаннан шыққан

Қаңтардың 14-і күні Нұр-Сұлтан қаласынан Алматыға шыққан "Тұлпар-Тальго" пойызы 100 шақырымдай жүріп, кейін 2 сағаттай кідіріп, кері қайтты. Бұл туралы жолаушылардың бірі хабарласып айтты.

«14 қаңтар күні Нұр-Сұлтаннан Алматыға шыққан "Тұлпар-Тальго" пойызы 100 шақырымдай жүріп, 2 сағаттай тоқтап тұрды. Қазір бізді кері қайтарып жатыр. Жолсеріктерінің айтуынша, пойыз доңғалақтарында ақау бар. Ешқандай жолаушыны шығарған жоқ. Пойыз ескі вокзалға келеді», - деді жолаушы.

Жағдайдың нақты себебін білу үшін «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне хабарластық. Арада 12 сағат өтсе де, компания қызметкерлері ештеңені ашып айта алмады. Ақпаратты 1-2 сағаттан кейін таратамыз деп жауап берді. Ал, еліміздегі «Қазақстан темір жолы» АҚ анықтама бюросының 105 нөміріне телефон соққанымызда: «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясымен жасалған келісім шарт мерзімінің аяқталуына байланысты бұл қызмет көрсетілмейді», - деген жауап алдық.   

Биыл іске қосылған 169 бірыңғай анықтама қызметінен мәлімет алу үшін ақша төлеу керек екен. 1 минуты – 135 теңге. Хабарластық. Тұтқаның ар жағындағы оператор аталған пойызға жөндеу жұмыстарының жүргізілгенін айтып, толық ақпаратты 600-132 нөмірнен біле алатынымызды жеткізді. Алайда ол нөмірге байланысу мүмкін болмай тұр. Дәл қазір біз ресми ақпаратты «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінен күтіп отырмыз.

"Қазақ радиоларының" Жаңалықтар қызметі

 Редактор-жүргізуші: Ләззат Ноғайбай.

Толық ақпарат аудионұсқада.