Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қанжығалы Бөгенбай батыр (5-бөлім)

Қанжығалы Бөгенбай батыр (5-бөлім)

ХVІІІ ғасырдың 30-40-шы жылдарынан бастап, қазақ даласын жоңғарлардан азат ету, тазартуда Абылай ханның еңбегі орасан болды. 1740 жылдары Қалдан Церен жоңғарлар күшін жиып, қазақ халқына екінші рет «Ақтабан шұбырынды» оқиғасын ұйымдастырғысы келді. Бірақ Абылай хан, Төлеби, Қазыбек билер бастаған қазақ батырлары жоңғарлармен болған қансоқта ұрыста оларға ойсырата соққы берді. Қазақ-жоңғар соғысының ақыры 1756 жылы жер бетінен Жоңғария мемлекетінің жойылуымен аяқталды. Осы кезеңде Бөгенбай батыр 77 жаста еді. Батырдың бүкіл ерлік жолын көзімен көрген Үмбетей жырау:

«Баянаула, Қызылтау,

Абралы, Шыңғыстау, 

Қозы Маңрақ, қой Маңрақ

Арасы толған көп қалмақ;

Қалмақты қуып қашырдың,

Қара Ертістен өткізіп,

Алтай тауға асырдың!

Арғын менен Найманға 

Қоныс қылып қалдырдың!»- деп батырдың ерлікке толы өмір жолын жырына қосты.

Батыр 1775 жылы 95 жасында набыт болғанда денесін таза арулап, былғары, құрым киізге орап сақтап, Абылай ханның жарлығымен баласы Тұраналы бастаған қанжығалы Айтбай Ақкелтірұлы т.б елдің игі жақсылары батырдың сүйегін нарға теңдеп, Түркістанға жеткізіп, Қожа Ахмет Ясауи мешітіне жерлейді.Бөгенбай батырдың денесі сөреге қойылған жер бүгінге дейін Ереймен өңірінде «Бөгенбай сөресі» деп аталатындығын тарих ғылымдарының кандидаты Меңдігүл Ноғайбаева өз зерттеулерінде жазды.

«Інжу маржан» хабарының «Қанжығалы Бөгенбай батыр» аталатын 5-санында тарих ғылымдарыныңдокторы, профессор ҚР Көркем академиясының академигі Әбсеметов Марат Оралбайұлы пікір білдірді.

Жырды орындаға жыршылар: Зарлы Қойшығұл, Қазыбек, жырау Сәбит Оразбай.

Хабардың авторы әрі айтаманы: Халықаралық Ж.Жабаев атындағы сыйлықтың лауреаты, журналист Қошан Мұстафаұлы.