Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

ЖАҢАЛЫҚТАР 23.01.2020 (9:00)

ЖАҢАЛЫҚТАР 23.01.2020 (9:00)

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетінде жарық көрген «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы түрік газетінде жарық көрді. Бұл туралы Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Facebook парақшасында жазды. «Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Егемен Қазақстанда» жарық көрген «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы түрік тіліне аударылып, Түркияның «Önce Vatan» газетінде жарияланды. Абай - түбі бір түркі дүниесінің ортақ ойшылы!» деп жазды Дархан Қыдырәлі. Мақаланы түрік тіліне Халықаралық Түркі академиясы аударды.

***

Президенттік жастар кадрлық резервіне өткен Зульфия Сүлейменова экология геология және табиғи ресурстар министрлігіне лауазымдық қызметке тағайындалды. «экология мәселесімен көп жылдан бері айналысып келемін»,- дейді Климаттық саясат және жасыл технологиялар департаменті директорының орынбасары Зульфия Сүлейменова

***

Солтүстік Қазақстан облыстық экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері Петропавлда жасырын жұмыс істеп келген казиноны анықтады. Ол облыс орталығындағы қонақ үй кешендерінің бірінің жөртөлесінде болған. Арнайы операция кезінде 22 ойыншы қолға түсті. Сондай-ақ мамандар ол жерден покер үстелімен фишкаларын, 1 миллионнан астам астам ақша мен 22 ұялы телефонды тәркіледі. Қазір аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Казино ойынын ұйымдастырғандарға 5 мың Айлық Есептік Көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Немесе олар бес жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін. Қолға түскен азаматтардың құмар ойындарды ойнағандары дәлелденсе, олар да жауапқа тартылады деп жазады 24 кз сайты. . 

***

Испания үкіметі климаттың өзгеруіне байланысты төтенше жағдай жариялады. Сонымен қатар ел билігі көктемнің соңына дейін жаһандық жылынумен күрес бағдарламасын ұсынуға да уәде берді. Шенеуніктердің бұл шешіміне климатты қорғауға арналған жаппай шерулер түрткі болған. Осы орайда министрлер кабинеті экологияны қорғау бойынша 30 нақты қадам ұсынбақ. Жалпы 2050 жылға қарай Испания атмосфераға бөлінетін көмірқышқыл газын 100 процентке азайтуды көздеп отыр. Ол үшін алдағы 20 жыл ішінде мемлекет 95 процентке баламалы қуат көздеріне көшуі тиіс.

***

Қазақстан құрамасы Лозаннадағы 2020 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасын аяқтады. Ең соңғы болып жарыс жолына шорт-трекші Санжар Жанысов шықты. Ол аралас командалық сында D тобында бақ сынады. Жартылай финал қорытындысы бойынша Жанысовтың командасы В финалына өтті. Алайда шешуші сында пенальти алып, жарысты тоқтатты. Аралас командалық сында Оңтүстік Корея, Жапония, АҚШ және Нидерланд спортшыларынан құралған В тобы чемпион атанды. Айта кетелік, осы жасөспірімдер Олимпиадасына еліміздің 26 спортшысы қатысты.

***

Хабарымызыдыңы соңында валюта бағамымен таныс болыңыздар. Қазақстан қор биржасының мәліметі бойынша

  • 1 АҚШ ДОЛЛАРЫ : 377 теңге 30 тиын
  • ЕУРО : 418 теңге 90 тиын
  • РЕСЕЙ РУБЛІ: 6 теңге 10 тиынға тең