Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қыстағы сақтық шаралары

Қазақта «Қауіп жоқ деме, аяқ астында!» деген даналы сөз бар. Сондықтан «сақтықта қорлық жоқты» ұстанған халық «аурудың алдын ала білген». Бұл адамзат баласына ортақ қағида. Қай кез, қай заман болса да қауіптің алдын алып, қатердің жолын кесіп отырған.

Бүгінгідей қақаған боранда да сақтық шараларын өз деңгейінде ұйымдастырылып, арнайы мекемелер жұмыс жасауда. Соның бірі төтенше жағдайлар қызметі. Күн демей, түн демей ел тыныштығы үшін қызмет ететін құтқарушылар әр өңірде сәт сайын адам сенгісіз ерлік жасап жатса, екінші жағынан қауіптің алдын алып, ел елей бермейтін алапатқа кеудесін тосып жүр. Ал, қазір біз нені ескермей жүрміз, қауіп неден, қатер қайдан? Осы сұрақтарға жауап алу үшін Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр ауданының ТЖ басқармасының бастығы Еркін Отарғалымұлын студиямызға қонаққа шақырдық.

Толық ақпаратты видео және аудионұсқадан тыңдай аласыздар.

Хабардың редактор-жүргізушісі: Алмас Байдрахман.