Жампоз жыршы Аманқос (1-бөлім)

«Інжу-маржан» хабарында қонақта «Жампоз жыршы Аманқос».
«Халық әдебиетінің бастауларына мән беріп,мифтік сарындағы шығармалардың мазмұнына назар аударатын болсақ, онда жалпы адамзаттық сананың ілкі кезеңдерінің түрлі сатыларын елестетіп, адам баласының қалыптасу, даму, жетілу үрдістерінің тарихын аңғарған болар едік. Бұл жанрдан кейінгі ертегілердің әпсана-хикаяттардың, аңыздар мен ауызекі әңгімелердің араға ұзақ уақыттар салып, әр дәуірде өздерін туындатушы, жеткізуші адамдардың санасымен бірге жетіліп, прозалық фольклордың жаңарған түрлеріне айналып, әрбір жаңа заманның тыңдармандарына сенімді, тарихилығы басым жанрларға ауысып отырғандығын аңғарамыз. Қазақ халқының тарихи жады жүздеген жылдарды қамтып,өзінің қалыптасуымен қатар толысып, ұлттық болмысты, яғни халықтың ауызша тарихын, мәдениетін, тілі мен әдебиетін, дінін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын ХХ ғасырдың бас кезіне дейін жеткізген болса, оның құрамындағы ру-тайпалардың жады мыңдаған жылдардың тарихын жинақтағаны дау тудырмайды»,- деп жазды ғалым Тоқтар Әлібек.
Ғалым айтып отырған халықтың жыр, дастан, мұралары елінің ерлігін, парасаттылық көрегендігін, жас ұрпақ санасына сіңіруді мақсат тұтады. Осы бағытта Қазақ радиосы өзінің құрылу кезеңінен бастап, рухани құндылықтарды әркез насихаттаумен келеді. Сол себепті студиямызға қонаққа термешілік, жыршылық, жыраулық үрдістерді насихаттаушы, қазақтың арда ұлы, домбыраның киесін ұққан Аманқос Садықты шақырып, қазақтың жыраулар поэзиясы, батырлар жырлары жайында сыр-сұхбат құрдық.
Хабардың авторы әрі айтаманы: Халықаралық Ж.Жабаев атындағы сыйлықтың лауреаты, журналист Қошан Мұстафаұлы.