Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Айтыстың қара нары

Айтыстың қара нары

«Әдебиет әлемі» хабарының осы санында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Ұлытау ауданының құрметті азаматы Жүрсін Ерман ақынның өмірдерегі мен шығармашылығы жайлы сөз болды.

Жүрсін Ерманның аты аталса, алдымен «айтыс» еске түседі. «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы биден» келе жатқан сөз өнеріне Кеңес дәуірінде тұсау салынып жатқан тұста Жүрсін ақынның келуімен айтыс өнері кең тыныстап, бағы ашылды. 

Республиканың түкпір-түкпірінен азулы ақындарды шақырып, айтыс додасына қосып, небір айтыстарды ұйымдастырған. Оған дейін Қазақстанда үлкен ауқымдағы айтыстар болмаған. Манат Көкенов, Әселхан Қалыбекова, Қонысбай Әбілов сынды ақындарға Қазақстанның халық ақыны деген мемлекеттік деңгейдегі атақты алып берген бірден бір қайраткер ақын. 

Жалпы, ақынның есімін естігенде елең етпейтін жан жоқ шығар. Әсіресе, «өлең» десе өре түрегеліп, «айтыс» десе арқаланбай қалмайтын қазақ баласы Жүрсін ақынын жүрегімен қабылдайтыны хақ. 

Жүрек түкпіріне тілектің аяулысын құндақтаған Радио ұжымы Жүрсін Ерман ақынға бар жықсылықты тілеп, 

өмірі ҚЫЗҒАЛДАҚ, 

көңілі ДАРХАН болып, 

еліне АРДАҚТЫ, 

отбасында БАҚЫТТЫ, 

халық өнерінің қамын ойлап, халқының алдында ЖҮРСІН деген тілегімізді айтамыз. 

Қазақстан айтыс ақындары мен жыршы термешілердің халықаралық Одағының Төрағасы Жүрсін Ерман ақынның өмірдерегі жайлы хабардың толық нұсқасын аудиодан тыңдай аласыздар (төмендегі сілтеме арқылы өтіңіз). 

https://qazradio.fm/shalqarfm/kz/archive/programs/programs_shalkar/adebiet_alemi_shalkar/1083250

Хабардың авторы әрі жүргізушісі: Айнұр Шамшейтова.