Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

ЖАҢАЛЫҚТАР 13.02.2020 (12:00)

ЖАҢАЛЫҚТАР 13.02.2020 (12:00)

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 14-16 ақпан аралығында Германияға жұмыс сапарымен барады. Онда Президент Қауіпсіздік жөніндегі 56-шы Мюнхен конференциясына қатысады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жариялады. Сапар барысынд Президент бірнеше мемлекеттің басшыларымен, халықаралық ұйымдардың, Германияның ірі компанияларының жетекшілерімен, сондай-ақ академиялық топтардың өкілдерімен кездесу өткізеді деп жоспарланған. Аталған іс-шараға 40-қа жуық мемлекеттің басшылары, 100-ден астам сыртқы істер және қорғаныс министрлері, халықаралық қатынастар саласындағы беделді сарапшылар қатысады.

***

Президент кеңесшісі Ерлан Қарин Ұлттық кеңестің қазіргі жұмысы туралы facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Бұған дейін хабарлағанымыздай, өткен аптада мемлекеттік органдар бейбіт жиындар, саяси партиялар мен сайлау туралы заң жобаларының тұжырымын халықпен талқылау үшін нормативті-құқықтық актілердің ашық интернет-порталдарында жариялаған болатын. 10 ақпан күні заң жобалары Әділет министрлігінің жанындағы Қоғамдық кеңесте, сонымен қатар Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жанындағы Қоғамдық кеңесте талқыланды. Парламенттік оппозиция туралы және Қылмыстық кодекстің 130 және 174-баптарына норма енгізуге қатысты бастамаларды жүзеге асыру ісі жұмыс тәртібінде қаралуда», - дейді Ерлан Қарин. Оның жазуынша, Ұлттық кеңестің кезекті үшінші отырысын өткізу мерзімі мен отырыстың күн тәртібін белгілеу мәселесі пысықталып жатыр.

***

Үкіметтен министрліктерге 88 өкілеттік берілмек. Министрліктер арасында 2 функция қайта бөлінеді. Орталықсыздандыру жалғасады. Орталықтан өңірлерге 3 функция беріледі. Бұл туралы Ұлттық экономика вице-министрі Айгүл Шаимова айтты. Нске салайық, Мәжілісінің депутаттарына «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы таныстырылды.

***

Жамбыл облысы Қордай ауданында жағдай тұрақталды. Бірақ әлі де төтенше жағдай сақталады. Құқық қорғау органдары әлі де күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Масаншы, Ауқатты, Сортөбе ауылдарындағы білім беру мекемелері, әлеуметтік нысандар мен сауда орындары жұмыс істеп тұр. Жергілікті әкімдіктің хабарынша, қазір оқиға болған ауылдардың ішін күл-қоқыстан тазарту жұмыстары жүріп жатыр. Әрбір бүлінген нысанға акт түзіп, құрылыс жұмыстарын бастау үшін сметасы есептелуде. Дәл қазіргі уақытқа дейін өртеніп, қираған 88 нысан мен 47 автокөлік тіркелді.

***

Алматының түтінмен күресетін қоғамдық қор құрылды. Қор мемлекеттік органдармен, азаматтық сектормен, қазақстандық және шетелдік ғалымдармен бірге жұмыс істемек. Ең алғашқы қадам ретінде заманауи мониторинг жүйесін жасау ұйғарылды. Бұл жүйе Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы рұқсат берген әдістемелердің негізінде жасалады. Еске салсақ, бұған дейін Алматы әкімдігі қалада 517 мыңнан астам көлік тіркелгенін хабарлаған еді. Одан бөлек, күн сайын қалаға 250 мыңға жуық көлік кіреді. Сондықтан да қала атмосферасына шығарылатын зиянды заттардың деңгейі жоғары.