Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Зибагүл Карина: «Сайтан көпір» фильмінде жаз мезгілін қыста түсірдік

Зибагүл Карина: «Сайтан көпір» фильмінде жаз мезгілін қыста түсірдік

«Өнер алаңы» хабарының бүгінгі қонағы: Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының артисі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Зибагүл Карина.    

Зибагүл Жақсылыққызы Карина 1960 жылы Қостанай облысы, Жанкелді ауданында дүниеге келген. Алматы театр және көркемсурет институтын кино және драма актері мамандығы бойынша бітірген. Алғашқы еңбек жолын 1977 жылы Арқалық музыкалық драма театрында бастаған. 1988-1995 жылдары Жезқазған облыстық драма театрында қызмет атқарды. 1995 жылдан бастап Астана қаласындағы Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында жұмыс істеп келеді. Театр сахнасында 40 жыл уақытта талай рөлдерді сомдаған,

Ғ.Мүсіреповтың «Қыз Жібегінде» - Жібек, «Қозы Көрпеш-Баян сұлуда» - Баян рөлдері арқылы көпшілік ілтипатына бөленіп театр фестивальдерінде бас жүлделерге ие болды.

Ол түскен Б.Мансұровтың «Сайтан көпір», К.Салықовтың«Балкон», Д.Манабаевтың «Сұрапыл Сұржекей», «Кек» фильмдері киносыншылар тарапынан жоғары бағаға ие болған, халықаралық кинофестивальдерінде топ жарып, Қазақфильмнің алтын қорында сақталған.

Соңғы жылдары 100 сериялы А.Сатаевтың «Қара шаңырақ» телесериалында – Рыскүл Ахметқызының, А.Дайырбеков, С.Рүстембековтың «Айман-Шолпан» - Несібелі рөлдерінде ойнаған.

Хабарда Оралхан Бөкейдің «Біздің жақта қыс ұзақ» повесінің желісімен түсірілген «Сайтан көпір» фильмінің түсірілімі жайлы баяндалады. 

Хабарды жүргізген Толқын Сұлтан.