Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасымен 1212 елордалық кәсібін бастады

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасымен 1212 елордалық кәсібін бастады

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында өткен жылы 1212 елордалық грант алды. Оның ішінде: жастар – 858, көпбалалы отбасылар – 6, мүгедектер – 59, АӘК алушылар – 33 адам өз бизнесін іске қосты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Мемлекеттік бағдарлама еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіби дағдылар мен біліктілік алудың тиімді жүйесін құруға, жаппай кәсіпкерлікті дамытуға, халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауды қоса алғанда, еңбек делдалдығының тиімді моделін құруға бағытталған.

Айта кетсек, осы жылдың 1 қаңтарынан бастап өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына жаңа енгізілімдер күшіне енді. Қазіргі кезде кәсіптік оқыту оқытылған адамдарды жұмысқа орналастыруға кепілдік беретін жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша жүзеге асырылады.⠀Сондай-ақ көпбалалы және табысы аз отбасы мүшелерін кәсіпкерлікке тарту үшін оларға микрокредиттер жылдық 4% - дан аспайтын пайыздық мөлшерлемемен 7 жылға дейінгі мерзімге берілетін болады.⠀

Жаңа ережеге сай, халықтың барлық санаттары үшін бірыңғай мемлекеттік гранттардың мөлшері 200 АЕК-ті құрады. Сонымен бірге көпбалалы және табысы аз отбасылардың мүшелері алдын ала оқытусыз грант алуға құқылы.⠀

Осы жылдан бастап жастар тәжірибесіне «Бірінші жұмыс орны» және «Ұрпақтар келісімшарты» жобалары енгізілді. Бірінші жоба бойынша 29 жастан аспаған, оның ішінде NEET санатындағы азаматтарға, жұмыс тәжірибесі жоқ, білім беру ұйымдарының түлектеріне, еңбекке жарамды мүгедектерге бірінші жұмыс орнына жұмысқа орналасуға мүмкіндік беріледі. Екінші жоба зейнеткерлік жасқа жеткен жұмыс істейтін қызметкерді кейіннен ауыстыра отырып, жұмысқа орналастыруды көздейді.