Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

ЖАҢАЛЫҚТАР 14.02.2020 (12:00)

ЖАҢАЛЫҚТАР 14.02.2020 (12:00)

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексіне донорлық мәселесі туралы өзгерістер енгізілді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты. «Транспланция - заң, медицина, технология ғана емес, үлкен этикалық мәселе. Көп мемлекеттерде бұл айтылуда. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық аймақтық бюросының директоры бұл мәселе қазір Германияда Парламентте қарастырылып жатыр», - деді министр. Елжан Біртановтың айтуынша, әрбір мемлекет донорлық мәселесін өз дәстүрі, өз тарихы, өз дайындығы бойынша шешуі керек. «Ең маңызды мәселе - қайтыс болған адам біздің базаларда өз ой-пікірін білдірмесе, ешқандай ақпарат болмаса, сол адамның туыстары келісім бергенде ғана, марқұм донор бола алады», - деді Елжан Біртанов.

***

Педагогикалық мамандықтарға түсетін талапкерлер үшін шекті балл жоғарылайды. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, талапкерлерді педагогикалық мамандықтарға тарту үшін өткен жылы ведомствамен бірқатар нақты шаралар қабылданды. Мәселен, былтыр педагогикалық мамандықтарға түсу үшін шекті балл 60-қа дейін өсті. Биыл оны 70 балға дейін арттыру жоспарлануда. «Еліміз бойынша мұғалімдер тапшылығы 5000 адам. Бүгінгі таңда 145 мың студент педагог мамандықтары бойынша оқып жатыр. Жыл сайын педагогикалық бағыттағы жоғары оқу орындарын 40 мың түлек тәмамдағанмен, педагог тапшылығы мәселесі сақталып отыр. Себебі , түлектер мектепке жұмыс істегісі келмейді және ынталандыру төмен», - дейді Асхат Аймағамбетов

***

2020 жылғы қаңтарда қазақстандықтарға 200 млрд теңгеден астам зейнетақы төленді. Қаңтар айында осы жылы республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеу үшін 62,1 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлемдеріне – 138,4 млрд теңге бағытталды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Ақпанның 1-дегі мәлімет бойынша зейнеткерлер саны 2 млн 222 мың адам делінген таратылған ақпаратта.

***

Бүгін, Нидерланд елінде шорт-тректен әлем кубогінің алтыншы кезеңі басталады. Аталған сынға Қазақстан сапынан ерлер арасында Абзал Әжіғалиев, Денис Никиша, Мерсаид Жақсыбеков, Нұртілек Қажғали, Әділ Шаяхметов, Еркебұлан Шамуханов қатысады. Ал әйелдер арасында жарыс жолына Мадина Жанбусинова, Ольга Тихонова, Әлия Әмірғалиева және Алена Волковицкая шығады. Әлем кубогінің алтыншы кезеңі 16 ақпанға дейін жалғасады. деп жазады Olympic.kz.