Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

ЖАҢАЛЫҚТАР 14.02.2020 (15:00)

ЖАҢАЛЫҚТАР 14.02.2020 (15:00)

Үкімет басшысы Асқар Мамин Катар мемлекетінің сауда және индустрия министрі Али бен Ахмед әл-Кауари бастаған делегацияны қабылдады. Екі ел арасында визасыз режим орнатылған, жақында Нұр-Сұлтан мен Доха арасында тікелей рейстерді іске қосу жоспарланып отыр. Сондай-ақ Алматы мен Доха арасында аптасына 7 рет рейстер орындала бастайды. Тараптар биыл наурыз айында Қазақстанға Катар шейхі әмір Тамим бен Хамад әл-Танидің келуін талқылады.

***

Шымкент қаласында инженерлік инфрақұрылым өзекті мәселе. Жаңадан 41 елді мекен қалаға қосылды. Осының салдарынан магистралды жүйелердің қуаты жетіспеуде. Бұл туралы Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Халық алдындағы есепті кездесуінде қала әкімі биылғы жылы тасымал арқылы су ішіп отырған 8 елді мекен және жартылай сумен қамтылған 5 ауылдың мәселесі шешілетінін айтты. Қазіргі таңда, қаланың солтүстік бөлігіне электр энергиясының қуаты жетіспеуде. Осы мәселені шешу үшін Бозарық станциясының құрылысы жүрңп жатыр, ол биыл пайдалануға берілмек.

***

Елордалық жүргізушілердің бюджетке қарызы 37 миллион теңгеден асты. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті хабарлайды. Жедел-алдын алу шарасы кезінде борышкер жүргізушілерден шамамен 6 миллион теңге өндірілді. 10 автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды. «Олар қажетті құжаты жоқ, жалған мемлекеттік нөмірі бар және жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін тиісті құжаттары жоқ жүргізушілерге қатысты», - делінген хабарламада.

***

Бүгін түнде Арқалық-Торғай тас жолында жолаушылары бар көліктер қар құрсауында қалды. Бұл туралы облыстық ТЖД хабарлады. Темір тұлпарларды қалың қардан шығару үшін жоғары жылдамдықты техникамен Арқалық қаласынан бір топ құтқарушылар аттанған. Тас жолдың 32-ші шақырымында 6 машина қар құрсауынан босатылып, 15 жолаушы құтқарылды. Жол бойында тағы 3 адам эвакуацияланды.

***

Бүгін Ташкентте ауыр атлетикадан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия біріншілігі басталады. Еліміздің атынан 10 спортшы қатысады деп хабарлайды егемен. Айтулы жарыс 20 ақпанға дейін жалғасады. Осы жарыстың нәтижесі арқылы жастар арасындағы әлем біріншілігінде бақ сынайтын зілтеміршілер анықталады.