«Оскарға» деп арнайы фильм түсірудің қажеті жоқ»
«FILMFAN» хабарында қонақта: кинооператор, продюсер, ұстаз Талғат Тайшанов және ҚР Кинематографистер одағының мүшесі, қоюшы суретші Марат Иманберген болды.
Сұхбат барысында тыңдаушы мен жүргізушілерді елең еткізген басты жаңалық: елімізде бұрын-соңды болмаған, былтыр ғана Қазақ ұлттық өнер университетінде ашылған «Қоюшы суретші» және екі жылдық «Көркем кино режиссері» мамандықтары бойынша шеберханалар.
Одан бөлек, режиссер Шәрипа Оразбаеваның «Мәриям» фильмі Франциядағы Везуль қаласында өткен Vesoul International film festival of Asian cinemas кинофестивалінде Гран-при Le cyclo d’or 2020-ны ұтып алғаны мен Шәрипаның шығармашылығы жайында студия қонақтары өз ойларымен бөлісті.
- «Қазақфильм» түсірген соңғы фильмдерге қандай баға бересіз?
- 2016 жылы «Мемлекет қаржыландыруын азайта берсе, қазақ киносы құрдымға кетеді» деген пікір айтыпсыз. Ол кезде кино туралы заң да жоқ еді. Бірақ, өткен жылы қабылданған заң мен «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» басқармасының құрылуы бұл пікіріңізді өзгертті ме?
- Асанәлі Әшімов «Қазақстандық киноның бейнесі жоқ. Ал қазіргі жобалардың көпшілігі шетелдік өнімдерге еліктеу» деген екен. Бұл пікірге қосарыңыз бар ма?
- Канн фестивліне Қазақстан делегациясы құрамында 2016 жылы қатыстыңыз. Одан бөлек те бірнеше фестивальдерді көріп жүрсіз. Бізде өтетін «Еуразия» фестивалінің де басы-қасында жүрдіңіз. Бізге осындай шараралардан не алу қажет?
- Отандық фильмдер көптеген фильмфестивальдерге, байқауларға қатысып жатыр. Мақсат қандай жалпы? Қазақстандық кино саласына қандай қарқын, қандай пайда әкеледі деп ойлайсыз?
- Әлемнің дамыған техникасы бізде де бар. ҚР кинематографиясында технологиялық революция қашан орын алады?
- Александр Фадеев «Қазақтың қандай талантты екенін білгің келсе, «Қыз Жібегін» көр» деген екен. Тағы қандай фильмдер қазақтың талантын танытады?
- Қоюшы суретші үшін көркем фильм мен телесериалдардың айырмашылығы қандай?
- Сіздің фильмдеріңіздің көпшілігі балаларға арналған. Бұл сәйкестік пе әлде балалар мәселесі сізді толғандыра ма?
Осы және өзге де сұрақтардың жауабын толығырақ видео және аудионұсқадан біле аласыздар.
Жүргізушілер – Теңге Бекмырза, Нұртас Нұрғали.