Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қорытынды жаңалықтар 24.02.2020

Қорытынды жаңалықтар 24.02.2020

Мемлекет басшысы «Air Astana» әуе компаниясының президентін қабылдады. Питер Фостер кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық әуе компаниясының қазіргі жағдайы мен оны дамытудың жоспары, атап айтқанда, жолаушылар тасымалының ішкі көлемін арттыру және жаңадан ашылған шетелдік бағыттар, әуе билеттерінің бағасын арзандату шаралары жайында баяндады. Питер Фостердің айтуынша, «Fly Arystan» еншілес әуе компаниясын ашқаннан бері Қазақстан әлемдегі әуе тасымалы бойынша ішкі нарығы жылдам дамып келе жатқан елдердің қатарына қосылған. Сонымен қатар ол Президентке компанияның әуе паркінің жаңаланғаны, оның ішінде, «Boeing-757» ұшақтарының ұзақ жолға арналған «Airbus А321» әуе кемесіне алмастырылып жатқаны туралы айтты. Бұдан бөлек 2023 жылға дейін «Boeing-787» ұшақтарын сатып алу жөніндегі жоспарымен бөлісті. Мемлекет басшысы «Ашық аспан» режимін одан әрі дамытудың және жаңа шет елдік бағыттарды ашу, оның ішінде, Сингапур, Нью-Йорк секілді әлемнің басқа да ірі қалаларымен қатынас орнатудың маңыздылығын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтары үшін әуе билеттерін арзандату бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстарға баса мән берді.

***

Сондай-ақ бүгін Президент Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы Михаил Мясниковичті қабылдады. Тараптар Еуразиялық экономикалық одақтың қазіргі жағдайы мен оның даму перспективалары жайында, оның ішінде Қазақстанмен одақ арасындағы ықпалдастық туралы сөйлесті. Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық одақ құру жөніндегі Келісім осыдан 5 жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Елордада бекігенін атап өтті.

***

Еліміздегі бұқаралық спорттың жағдайы көңіл көншітерлік емес. Мәжіліс депуттары бұл туралы осы тақырыпқа арналған Үкімет сағатында айтты. Мәселен, мектеп бағдарламасына дене шынықтырудың үшінші сағатын енгізуге білім мекемелері әзірге дайын емес. Жалпы Қазақстандағы 1970 мектепте спорт залы жоқ. Дене шынықтыру пәнін ұйымдастыруға ел қазынасынан жыл сайын 17 миллиард теңге бөлінгенімен, оның тиімділігі аз болып тұр. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың айтуынша, ауылдағы сауықтыру кешендерінің желісі тұрғындардың 30%-інің ғана көңілінен шығады. Дегенмен сала басшысы биыл елімізде 32 дене шынықтыру сауықтыру кешенін салу жоспарланғанын айтты. Министр сондай-ақ Мәжілістегі жиында Қазақстан қоржынында бүгінде Токио Олимпиадасының қанша жолдамасы бар екенін де тілге тиек етті.

***

Коронавирус тараған кемедегі қазақстандықтар елге жеткізілді. Бұл туралы еліміздің Бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин ОКҚ-де өткен брифингте айтты.

***

Сондай-ақ Жандарбек Бекшин қазақстандықтарға коронавирус өршіген елдерге сапарламауға кеңес берді.

***

Жандарбек Бекшин сонымен қатар, Шығыс Қазақстанда, соның ішінде Зайсан өңірінде коронавирус жұқтырмақ түгілі ондай күдікке ілінген ешқандай адамның ауруханаға жеткізілмегенін ресми түрде мәлімдеді.

***

Өз кезегінде Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп коронавируске байланысты шындыққа жанаспайтын ақпарат таратқандар әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертті.

***

Бүгіннен бастап «Myń bala» Ұлттық олимпиадасы өткізіледі. Білім додасы ауыл мектебінің 5-6 сыныбында оқитын 300 мыңнан астам оқушыны қамтитын болады. Өребәйге мамыр айында қорытындыланады. Ең жоғары нәтиже көрсеткен 1000 жеңімпаз дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде білім алуға жолдама алады, - дейді «Елбасы Академиясы» корпоративтік қорының жобалар үйлестірушісі Жазира Асанова.