Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қорытынды жаңалықтар 25.02.2020

Қорытынды жаңалықтар 25.02.2020
  • Елбасы Еуразиялық Экономикалық Комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясниковичті қабылдады.
  • Мемлекет басшысы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады. 
  • Көктемде елде 600-ге жуық елді мекен су астында қалуы мүмкін.
  • 1 қыркүйектен бастап жер қойнауын пайдалану құқығы электронды конкурс арқылы беріледі.
  • Еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі Токио – Нұр-Сұлтан әуе рейсінің жолаушылардан кешірім сұрады.
  • «Гарант 24 Ломбард» ЖШС-і бойынша 9 қылмыстық іс қозғалды.   
  • Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай Павлодарда «Абайды үш тілде оқимыз» атты акция басталды.
  • «Тұмар» ұлттық телевизиялық сыйлығы 13 наурызда тапсырылады.


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық Экономикалық Комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясниковичті қабылдады. Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының баспасөз қызметі хабарлады. Тараптар Евразиялық экономикалық одақ аясында мемлекеттер арасындағы байланыстың дамуы бағытын талқылады. 

***

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады. Президентке өңірдің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері, соның ішінде өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және құрылыс салаларындағы өндірістің өсімі жөнінде есеп берілді. Қасым-Жомарт Тоқаев облыстағы тұрғын үй құрылысының қарқынын арттыру, соның ішінде көпбалалы отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударды. Президент Қарағанды облысындағы көктемгі су тасқыны жағдайын мұқият бақылауға алып, төтенше жағдайдың алдын алу үшін қажетті дайындық шараларын жүргізуді тапсырды.

***

Көктемгі су тасқыны кезінде елде 600-ге жуық елді мекен су астында қалуы мүмкін. Олар негізінен Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында орналасқан. Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды. Жалпы ішкі істер министрлігі 7 облыстағы ахуалды жіті назарда ұстап отыр. Мамандардың айтуынша, биыл еліміздің кей аймағында қар жылдағыдан 80 пайызға дейін көп жауған. Бұдан бөлек, еліміздің басым бөлігінде синоптиктер наурыздағы ауа температурасы мен жауын-шашын мөлшері климаттық нормадан жоғары болады деп болжап отыр. Сондықтан жиында техникалық дайындық мәселесі де пысықталды.

***

Осы жылдың 1 қыркүйегінен Қазақстанда жер қойнауын пайдалану құқығы электронды конкурс арқылы беріледі. Бұл туралы бүгін Энергетика министрлігінің алқа отырысында ведомство басшысы Нұрлан Ноғаев айтты. Министр дерегінше, былтыр 260 жер қойнауын пайдаланушы компания геологиялық барлау жұмыстарына 158 млрд теңге жұмсады.  

***

Еліміздің денсаулық сақтау министрлігі дүйсенбі күні ешқандай ескертусіз карантинге жабылған Токио – Нұр-Сұлтан әуе рейсінің жолаушылардан кешірім сұрады. Елге оралған жолаушылар қатарында карантинде болған Diamond Princess лайнерден түсірілген азаматтар болғанын білмеген. Жапониядан келген 20 жолаушы, оның ішінде 8 экипаж мүшесі түгелдей 2 апталық карантинге жатқызылды. Азаматтык авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаевтың сөзінше Жапонияда каратинде тұрған лайнерде болған қазақстандықтар әуе билеттерін өздері алған, әуе компаниясы олардың лайнерде болған азаматтар екенін білмеген.   

***

Гарант 24 Ломбард» ЖШС-і бойынша 9 қылмыстық іс қозғалды. Арыз жазған жәбірленушілердің саны 3 мыңға жуық. Бірақ алдын- ала мәлімет бойынша олардың саны 42 мыңға дейін жетуі мүмкін. Олардың жоғалтқан жалпы сомасы 5 млрд тенгеден асады. Бұл туралы Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов мәлім етті.  

***

Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай Павлодарда «Абайды үш тілде оқимыз» атты акция басталды. Байқау түрінде өтіп жатқан шараның алғашқы кезеңіне қала мектептерінен 250-ден аса оқушы қатысты. Олар алдымен ақынның «Көзімнің қарасы» әніне флешмоб ұйымдастырды. Байқау шартына сай оқушылар бір шығарманы бірден үш тілде орындауы тиіс. Ағылшын, орыс, неміс тілдерінен бөлек Абай өлеңдері корей және араб тілдерінде оқылды.  

***

«Тұмар» ұлттық телевизиялық сыйлығы 13 наурызда Нұр-Сұлтан қаласындағы «Қазмедиа холл» киноконцерт залында салтанатты түрде тапсырылады. Биыл сыйлық он номинация бойынша тапсырылады. Әр номинация бойынша «Тұмар» сыйлығы мен бір миллион теңгені алуға төрт үміткер қатысады.