Бұлғақовтардың «Әке мен бала» айтысы

Қазақ радиосының "Алтын қордан айтыс" хабарының 16 ақпандағы санында 2010 жылғы ең қызықты айтыс ұсынылды. Бұл хабарда айтыс ақтаңгері Айтақын Бұлғақовпен баласы Жандарбек Бұлғақовтың арасындағы отбасылық «Әке мен бала» айтысы берілді.
Айтыс – ұлттық құндылығымыз. Ал осы ұлттық құндылықты сақтап қалу үшін өткенді саралап, бүгінгіні бағалап отыру – басты мақсат. Ендеше хабардың толық нұсқасын аудиотаспадан тыңдай аласыздар.
«Алтын қордан айтыс» хабары әр сенбі, жексенбі, сайын сағат 11:15-те Қазақ радиосының эфирінен беріледі.
Хабардың редакторы: Ғылымқал Манай.