Абай шығармалары – мәңгілік қазына

Бүгін Алматы қаласындағы Орталык ғылыми кітапхананың Абай залында Қазақстан авторлары қоғамы жанынан шығатын Maestro журналының Абайдың 175 жылдығына арналған санының тұсаукесері өтті. Шараның мақсаты – Абайдың рухани құндылықтарын, қазақтың ұлы ақынның өткені мен бүгінін бейнелейтін шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттау.
Іс-шараға авторлар, зиялы қауым, қоғамдық-саяси, ғылыми және мәдени топтарының өкілдері қатысты. Қазакстан авторлары қоғамның төрағасы, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қызметкері Байғали Есеналиев және Қазакстан авторлары қоғамының Бас директоры, композитор Ержан Арзықуловтар журналға қатысты ой-пікірлерін білдіріп, іс-шара бұдан соң Өскемен қаласында жалғасын табатындығын айтты.
Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын ұлықтау аясында өткен жиында журналдың қысқаша мақсат, мазмұнымен Қазақстан авторлары қоғамының Алматы облысы бойынша жетекші-сарапшысы, Maestro журналының Бас редакторы Мұқан Мамытқан таныстырды.