Қазақстанда жоғары оқу орындары бәсекеге қабілетті ме?

Бүгінде еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілік, білім беру және мемлекеттік кадр саясаты саласындағы ең маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Бұл, өмірдің барлық салаларында қарқынды өзгерістердің орын алуымен тікелей байланысты. Сондықтан бүгінгі заман талабы жастарға еңбек нарығында жаңа тәртіп ережелерін талап етеді. Осы ретте Жоғарғы оқу орындары ең алдымен түлектерінің бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыруға көбірек көңіл бөледі. Иә, бұл әрбір дамушы мемлекеттің алдына қоайған басым бағыттарының бірі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің жолдауында бұл мәселені ерекше атап өткен еді. Президент әсіресе диплом сатып, өзінің пайдасын ғана көздейтін оқу орындарының жұмысын қатаң сынға алды:
Призеденттің осы бір өткір сынынан кейін Білім және ғылым министрлігінің де жұмысы еселей түсті. Тіпті осыған қатысты Үкімет жанынан арнайы коммиссия құрылып, еліміздің жоғары оқу орындарын тексеру жұмысы күшейді.
Нәтижесінде 5 университеттің лицензиясы уақытша тоқтатылды. Олар Аймақтық әлеуметтік инновациялық унивеситеті, Еуразиялық инновациялық университеті, Алматы университеті, Қазақстан американдық еркін университеті және Қазақ-орыс халықаралық университеті. Білім ордасының бесеуі де былтыр құзырлы орган тарапынан жүргізілген тексеріс кезінде талапқа сай болмай шыққан. Тіпті жауапты министрлік «аталған оқу орындарының сапасы сын көтермейді, кәсіби кадр даярлауға қаухарсыз» деп қатаң ескерту жасады.
Бұл тексеру жүргізілген университтеттердің бір парасы ғана. Бұдан басқа талапқа сай келмейтін тағы қанша оқу орнының барын кім білсін. Ресми деректерге сүйенсек, елімізде 130 астам жоғарғы оқу орны болса, бүгінде соның 10-15 пайызы соңғы талаптарға сай емес келмейді.
Соңғы жылдары «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларына тәуелсіз бағалау жүргізіп келеді. Былтыр рейтингте 90 мамандық қамтылып, екі мыңнан астам білім беру бағдарламасы бағаланған. Осы сараптамаға еліміздің барлық өңірінен жеті жүзден аса сарапшы қатысқан. Соның нәтижесінде 109 Жоғарғы оқу орны бойынша алты мыңға жуық сараптамалық қорытынды жасалып, оларға ұсыныстар дайындалған. Сондай-ақ, 318 білім беру бағдарламасы еңбек нарығына сай емес деп танылған.
Қазақ радиосының эфирінен өткен «Арнайы хабарда» осы мәселеге жан-жақты зерттеу жүргізілді.
Хабарды дайындаған Азамат Жомартұлы.
Толығырақ хабардың аудионұсқасында.