Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Біздің пайым: қазақстандықтар онлайн оқытатын сайттарға тегін кіре алады

Біздің пайым: қазақстандықтар онлайн оқытатын сайттарға тегін кіре алады

"Біздің пайым" бағдарламасында:

  • Коронавирустың таралуына байланысты 16 наурызда елімізде төтенше жағдай енгізілді.
  • Наурыздың 19-нан бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантин режимі енгізілді. 
  • 22 наурыздан бастап екі қала толығымен жабылды: авиа, теміржол және автожолдар тоқтады. 
  • 21 наурыздағы жағдай бойынша, Қазақстанда 53 адам  коронавируспен ауырғаны анықталды. 
  • Төтенше жағдай және карантиннің енгізілуіне байланысты барлық мекеме қызметкерлері қашықтан жұмыс істеуге көшті.
  • Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында азық-түлік тапшылығы болмайды. 
  • Үкімет шағын және орта бизнеске қолдау ретінде  300 млрд теңге бөлді.
  •  Елбасының бастамасымен құрылған қорға  41 млн АҚШ долларынан астам қаражат жиналды. 
  • COVID-19 індетінің өршуіне байланысты Сыртқы істер министрлігі әрбір елшілікте штабтар құрды. Қазір шет мемлекеттерде 300 мыңға жуық қазақстандық бар.
  • Медицина мамандарының жалақысын арттырып, ақшалай сыйақысын уақытылы беру тапсырылды.  
  • Енді қазақстандықтар онлайн оқытатын сайттарға тегін кіре алады.  
  • 6-шы сәуірден бастап мектеп оқушылары да қашықтықтан оқытуға көшеді.  Сондай-ақ сабақтар «Balapan» және «Еларна» телеарналары арқылы өтуі мүмкін.
  • Азаматтарға мемлекеттік қызметтердің 80 пайызын электронды алуға мүмкіндік бар. 
  • Санитариялық ережелер мен гигиеналық нормаларды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік белгіленді.
  • Елімізде коронавирус туралы ( coronavirus2020.kz)  арнайы сайт ашылды.
  • Мемлекет басшысы барша халықты Наурыз мерекесімен  құттықтады. 


"Біздің пайым" бағдарламасының кезекті санында осы мәселелер сөз болды.

Бағдарламаның редактор-жүргізушісі Сұңқарбек Батанұлы