Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Жаңалықтар

Жаңалықтар

24.03.2020 12:00 

  • Оқушылар үшін EL ARNA және Balapan арналарынан бейне -сабақтар көрсетіледі.
  • Еgov порталында коронавирустың қауіпті аймақтарының картасы пайда болды.


Бүгін Алматыда 3, ел астанасында тағы 2 адамның індет жұқтырғандығы анықталды. Осылайша Соңғы ақпаратқа сәйкес елімізде короновирус жұқтырған 67 адам тіркелді. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша науқастардың саны 34 адам, Алматы қаласында 29, Қарағандыда 2, Алматы және Ақтөбе облыстарында бір бір адамнан.

*****

Еgov порталында коронавирустың қауіпті аймақтарының картасы пайда болды. Ол картадан індет жұқтырғандар және олармен байланыста болған адамдардың қайда орналасқанын көруге болады. Картада көрсетілген қызыл белгішелер – коронавируспен науқас адамдардың стационарда орналасқан жері, ал көгілдір белгі – ауру жұқтырғандармен байланыста болған адамдардың тіркелген жері. Олар стационарда немесе үй карантинінде болуы мүмкін.

******

6 сәуірден бастап мектептер қашықтан оқытуға көшеді. Қазір министрлік білім берудің мұндай уақытша түрін ұйымдастырудың тетіктерін пысықтап жатыр. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты.

*****

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елордалықтарға үндеу жолдады.

«Бұл індетті жасы үлкен, созылмалы дерттері бар азаматтар көтере алмай жатыр. Сондықтан жасы үлкен азаматтарымыздың сыртқа шықпауын өтінеміз. Сондай-ақ, туысыңыз бен жақыныңызға шын жанашыр болсаңыз, онда өз үйіңізде отыруыңыз керек. Карантин ерте аяқталсын десек, тәртіпке бағынып, жауапкершілікті терең сезінуіміз керек», - деді қала әкімі Алтай Көлгінов.

*****

Жамбыл облысында резервте 300 мыңнан астам медициналық маска, 17 мың респиратор, 230 мың бір реттік қолғап, 9,5 мың медициналық костюм бар. Қазіргі таңда облыс бойынша медициналық мекемелерде карантинге 25 адам жатқызылған. Олардың жағдайы қанағаттанарлық, сынама теріс нәтиже көрсеткен. Өңірде барлығы 1 190 төсек-орын дайындалған және 758 медициналық қызметкер жұмылдырылған. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімдігінде жедел штабтың кезекті отырысында айтылды.

*****

Италияда бір күнде коронавирустан 602 адам көз жұмды. Осылайша тәулігіне тіркелетін індет құрбандарының саны азайдыды. Ал кеселден қаза тапқандардың жалпы саны 6 мыңнан асты. 7 мың 423 адам ауруханадан толық емделіп шыққан. Қазіргі уақытта 50 мың италья азаматы вирус жұқтырғандардың қатарында. Елде медициналық құрал мен бетперде тапшы болғандықтан өзге мемлекеттерден көмек жеткізілуде.

*****

Әзербайжанда 24 наурыздан 20 сәуірге дейін карантин жарияланды. Министрлер кабинетінде елдің премьер-министрі Али Асадовтың төрағалығымен отырыс өтті. Жиында елдегі коронавирус инфекциясы талқыланып, инфекцияның таралуын болдырмау үшін қатаң режим қолдану туралы шешім қабылданды.

*****

Қырғыз елінің президенті бірнеше қала мен ауданда төтенше жағдай енгізілетінін мәлімдеді. Қаулыға сәйкес төтенше жағдай режимі 25 наурызда басталып, 15 сәуірге дейін жалғасады.

Хабарымызыдыңы соңында валюта бағамымен таныс болыңыздар. Қазақстан қор биржасының мәліметі бойынша