Жаңалықтар

Жаңалықтар

24.03.2020 16:00


Елімізде елді мекендерді су басу дерегі тіркелген жоқ. Бұл туралы ҚР Ішкі істер

министрінің орынбасары Юрий Ильин айтты. « Р-дағы өзендерде кептеліс болдырмау

мақсатында мұз қопсыту жұмыстары жүргізілуде. Ел бойынша өзендерде 14 тонна

жарылғыш заттарды қолдана отырып, 123 мұз жару жұмыстары жүзеге асырылды», - деді

ол. Оның дерегінше, Нұр-Сұлтан, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Қарағанды

облыстарында су тасқыны жағдайын анықтау мақсатында аэровизуалды және жерүсті

зерттеулер жүргізілуде. Еліміздің өңірлерінде 165 шақырым қорғау бөгеттерін салу және

жөндеу, 417 шақырым су тасқыны қаупі бар өзендердің жағаларын бекіту, түбін

тереңдету, түзету, 186 шақырым су бұру арналарын орнату бойынша су тасқынына қарсы

жұмыстар жалғасуда.

*****

Елордада төтенше жағдай режимі 15 сәуірге дейін созылуы мүмкін. Төтенше жағдай

режимін алып тастауға қатысты шешімді әкім қабылдайды. Меніңше, коронавирусқа

қатысты жағдайды ескере отырып, ол 15 сәуірге дейін жалғасады. Сондықтан осы

мерзімге дейін Нұр-Сұлтан қаласында төтенше жағдай режимі болуы мүмкін». Бұл туралы

Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин айтты.

*****

Нұр-Сұлтанда тағы бір адамнан коронавирус табылды. Coronavirus2020.kz сайтында

жазылғандай, бүгін сағат 12-де тараған ақпаратқа сәйкес елімізде коронавирус

жұқтырғандар саны 68 болды. Дәл қазіргі уақытта індет Нұр-Сұлтанда – 35, Алматыда –

29, Қарағандыда – 2, Алматы және Ақтөбе облыстарынан бі-бір адамнан тіркелді.

*****

Алматыда қалалық қызметтердің профилактикалық жұмысына 3 млн бетперде бөлінді.

Қалалық әкімдік таратқан ақпаратқа сәйкес, қазір Алматыда медициналық бетперделер

мен антисептикалық құралдардың алаяқтық жолмен саудаға түсуін, сондай-ақ сату кезінде

бағаны негізсіз көтеру фактілерін анықтау үшін рейд жүргізілуде. Нәтижесінде Алматыда

кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін тиісті құжаты жоқ азаматтар медициналық

масканы үстеме бағамен сатқан кезде қолға түсті. Тәркіленген медициналық

бетперделердің барлығы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасына берілді. Тәркіленген

3 млн бетперде санитарлық-эпидемиологиялық шараларды күшейтілген режимде жүзеге

асырып жатқан қаладағы барлық медициналық ұйымдарға бөлініп беріледі.

*****

Елдегі төтенше жағдайға байланысты негізгі азық-түлік өнмідері экспортына шектеу

қойылды. Нақты айтқанда, қарақұмық, бидай немесе қарабидай ұны, қырыққабат, сәбіз,

шалқан, қызылша, пияз, қант, күнбағыс дәні және күнбағыс майы бар. Аталған шара

төтенше жағдай режимінде ішкі нарықы азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін жасалып

отыр.

*****

Израиль карантин ережелерін тағы да қатаңдатты. Коронавирусқа қарсы күресті күшейту

үшін мұнда салық енгізу ұсынылып отыр. Израиль жұрты енді тек 3 себеппен сыртқа

шыға алады. Яғни азық-түлік сатып алу мақсатында, жалғыз серуендеу не жұмысқа жету

үшін ғана далада жүруге рұқсат. Израильде коронавирусты жұқтырғандар саны 1300-ге

жуықтады. Бір адам, яғни қарт кісі көз жұмған.

***** 

8 сәуірден бастап Ухань қаласына кіріп-шығуға қойылған шектеу алынып тасталады.

«Уханнан кетіп бара жатқан адамдар жасыл «денсаулық кодына» сәйкес жүре алады», -

делінген сейсенбі күні жарияланған Хубэй провинциясы денсаулық сақтау ісі жөніндегі

мемлекеттік комитеттің құжатында. Мұндай ереже Хубэй провинциясында 25 наурыз

түннен басталады. Айта кетейік, 23 қаңтарда 11 млн тұрғыны бар Ухань қаласында

коронавирус эпидемиясына байланысты қатаң карантин енгізілген еді.