Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

ҚАЗАҚСТАНДА ЕКІ ЕМДЕЛУШІ КОРОНАВИРУСТАН АЙЫҚТЫ

ҚАЗАҚСТАНДА ЕКІ ЕМДЕЛУШІ КОРОНАВИРУСТАН АЙЫҚТЫ

Қазақстанда 2 емделуші коронавирустан жазылды. Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінене ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты.

«Брифингті жақсы жаңалықтан бастағымыз келіп отыр. Екі емделуші коронавирустан айықты. Қазір олар соңғы тексеру сараптамаларын тапсыруда. Бұйыртса ауруханадан ертең шығады. Бұл - біздің коронавируспен күрестегі жеңісіміз. Басты дүние осы деп айтуға болады. Ең алдымен бұл - дәрігердің жанкешті еңбегінің жемісі. Сондықтан Үкіметтің және барша қазақстанықтардың атынан медцина қызметкерлері мен Денсаулық сақтау министрлігінң қызметкерлеріне алғыс айтуға рұқсат етіңіздер. Кез келген маман үшін ең бастысы - өз еңбегінің нәтижесін көру. Сол нәтиже үміт пен қуат береді», - деді Дәурен Абаев.