Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Жаңалықтар

Жаңалықтар

25.03.2020_16:00


«7-20-25» және «Баспана хит» бойынша ипотека төлемі елде ТЖ енгізілуіне байланысты 90 күнге шегерілді. Ұлттық банктің хабарлауынша, осы уақытта жұмысынан айырылған клиенттерге айыппұл және өсім саналмайды. «Банктерге әр мәселені жеке шешу үшін барлық шараны қабылдау керек болып тұр. ТЖ кезінде қиын жағдайда қалған клиенттер үшін төлем тетігі өзгереді. Бұл өзгерістердің барлығы несие алушының несие тарихына енгізілмейтін болады», - деді Ұлттық банктен. Несие алушылар үшін бұл уақыт 16 наурыздан, яғни ТЖ енгізілген күннен бастап саналады.

*****

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 79-ға жетті. Coronavirus2020.kz сайтының мәліметінше, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша - 41 адам, Алматы қаласында – 31, Қарағанды қаласында - 2, Алматы облысында - 1, Ақтөбе облысында - 1, Шымкент қаласында – 1, Жамбыл облысында -1, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адамнан анықталған. Әлем бойынша қауіпті індетті 450 мыңнан астам адам жұқтырған, қайтыс болғандар саны 18 915.

*****

Өзбекстанда коронавирус жұқтырған 4 адам ауыр халде жатыр. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, аталған елде індетті жұқтырғандар саны 55-ке жеткен. Ал Армения коронавирус жұқтырғандар санының артуына, оның ел аумағындағы географиясының кеңеюіне байланысты төтенше жағдай режимін қатаңдатты. Бұл туралы Армения премьер-министрі Никол Пашинян азаматтарға үндеуінде айтты. Қазіргі уақытта Арменияда 249 адамнан коронавирус инфекциясы табылған.

*****

Бішкекте бүгіннен бастап коменданттық сағат енгізіледі. Бұл туралы елдің ішкі істер министрінің орынбасары Алмазбек Орозалиев мәлімдеді. Коменданттық сағат 20:00-ден 7:00-ге дейінгі уақыт аралығына белгіленген. «Бішкек көшелерін күзету үшін қалаға әскер кіргізіледі. Осы уақыт аралығында көшеге шыққандар тұтқындалады» -деді вице-министр.

*****

Түркиядан тағы 335 отандасымыз елге қайтарылды, - деп хабарлайды «Хабар 24». Қазақстандық дипломаттар түрік әріптестерінің көмегімен осындай мүмкіндікке қол жеткізді. Олар бүгін таң алдында ұшып келді. ішінде басым көпшілігі студенттер, осы елде жұмыс істеушілер мен өзге мемлекеттерден транзиттік жолмен келген жолаушылар. Десе де, тағы жүздеген отандасымыз жұмыс, оқу және басқа да себептермен Түркияда өз еркімен қалып отыр. Айта кетерлігі, 21 наурыз күні Түркия Қазақстанмен азаматтық әуе қатынастарын тоқтатқан. Дегенмен, қазақстандық дипломаттардың қолдауымен елге соңғы 3 күнде 800-ден астам азаматымыз оралды.

*****

Сондай-ақ Сауд Арабиясынан кеше 33 отандасымыз елге жеткізілді. Бұдан өзге, 207 қазақстандық Польшадан, 55 қазақстандық Америкадан елге оралды. Айта өтейік, жақын арада SCAT компаниясының рейістерімен Ресей, Грузиядағы қазақтандықтар ұшып келеді. Ал Air Astana Ұлыбритания, Корея, Малайзия, Германия сынды мемлекеттерден отандастарымызды қайтаруға дайын.