Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Төтенше жағдай кезіндегі әлеуметтік төлемдер қалай беріледі?

Төтенше жағдай кезіндегі әлеуметтік төлемдер қалай беріледі?

Төтенше жағдай енгізу салдарынан кірісін жоғалтқан адамдарға төленетін қаражат мәселесі бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы бүгін шығады.

«Бұйрықта төтенше жағдайлар кезіндегі әлеуметтік төлемдердің берілу ережесі көрсетіледі. Қайталап айтамыз, бұл төлемдер Әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қорынан төленеді», - деді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев «Хабар 24» арнасындағы онлайн режимдегі баспасөз мәслихатында.

Дәурен Абаевтың айтуынша төлем 2 түрлі болады.

«Біріншіден, төтенше жағдайға байланысты ақысыз еңбек демалысына шыққандарға - оның көлемі айына 42 мың теңге. Бұл ұсақ, шағын және орта бизнестің қызметкерлері болуы мүмкін. Олар кейінгі жылы мемлекеттік қорға 3 рет аударым жасауы керек. Қажетті өтінімді жұмысшы емес, жұмыс беруші жасайды. Өтінімді аудандық және қалалық жұмыспен қамту штабтарына беру керек. Төлемдер төтенше жағдай аяқталғанша жүреді», - деді ол.

Төлемдердің екінші түрі – жұмыстан шығып қалғандарға қатысты. Олар төлемдерді 1 айдан 6 айға дейін алады.

«Төлемдердің көлемі айлықтың 40% құрайды. Өтінім берудің еш қиындығы жоқ. Жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркеліп, арыз беру қажет. Арызды онлайн беруге болады», - деді Дәурен Абаев.

inform.kz