Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

АҚШ Президенті Қазақстан халқын Наурыз мерекесімен құттықтады

АҚШ Президенті Қазақстан халқын Наурыз мерекесімен құттықтады

АҚШ Президенті Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевты және Қазақстан халқын Наурыз мерекесімен құттықтады. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

(Бейресми аударма)

АҚ ҮЙ

ВАШИНГТОН

20 наурыз 2020 ж.

Жоғары мәртебелі Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан Республикасының Президенті

Нұр-Сұлтан қ.

Құрметті Президент мырза,

Сізге, Сіздің отбасыңызға және Қазақстан халқына қуанышты да бақытты Наурыз тілеймін. АҚШ-та, Қазақстанда және бүкіл әлемде Наурыз бірлік, мейірімділік, жаңару мерекесі бола отырып, адамдарды достыққа біріктіретін мейрам. Биылғы жылы біз үлкен экономикалық дамуға қол жеткіздік. Сіздің америкалық бизнес үшін қолайлы болып табылатын реформалар жүргізіп отырғаныңызға қуаныштымын. Сондай-ақ, біз Ауғанстанға бейбітшілік орнату бағытында жұмыстар атқарудамыз. Мен екі ел арасындағы тығыз ынтымақтастық үшін болашақ мүмкіндіктерді жасауға ниетті екенімді білдіремін.

Наурыз құтты болсын!

Ізгі тілекпен, Дональд Трамп