Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Шағын және орта бизнес пен өндіріске көбірек көңіл бөлу керек

Шағын және орта бизнес пен өндіріске көбірек көңіл бөлу керек

Бүгінгі таңда әлемді жайлаған пандемия, қаржы нарығындағы тұрақсыздық бұл тек орта деңгейдегі мемлекеттерді ғана емес, аузын айға білеген «мен мықтымын» деген елдердің өзін тығырыққа тіреп, экономикасын есеңгіретіп тастады. Әсіресе Қазақстан сияқты орнықты дамуды мақсат тұтқан елдер үшін үлкен сынақ болғаны анық. Бұл жағдай шынымен де шикізатқа негізделген экономиканың ғұмыры қысқа екендігін тағы бір дәлелдеген тәрізді. Тиісінше, шағын және орта бизнес пен өндіріске көбірек көңіл бөлу керектігін аңғартқандай.

 Біріккен Ұлттар Ұйымы 2015 жылы бүкіл адамзатқа 2030 жылға дейін тұрақты даму бағдарламасын қабылдап, «Ешкім де артта қалмауы керек» қағидаты бойынша орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуге шақырған болатын. Қолда барды үнемдеу, ысырапқа жол бермеу, барды ұқсату қашанда береке бастауы болған. Ең алдымен мемлекетіміздің табиғи ресурстарын тиімді пайдалану, ел экономикасын дамыту жолындағы игі шаралардың бір бағыты «жасыл» экономиканы жолға қою болса, 7 жылға жуық осы бағытта Жасыл экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту коалициясы бірнеше әлеуметтік жобаларды жүзеге асырып келеді. Бұл жайында толығырақ аталған коалициясының төрайымы Салтанат Рақымбекова мен атқарушы директоры Асхат Сүлейменовпен болған сұхбаттан тыңдай аласыздар! Аудионұсқаның сілтемесі төменде.


Сұхбатты жүргізген Алмас Байдрахман.