Шағын және орта кәсіп – экономика тірегі

Бүгінгі таңда әлемді жайлаған пандемия, қаржы нарығындағы тұрақсыздық бұл тек орта деңгейдегі мемлекеттерді ғана емес, аузын айға білеген «мен мықтымын» деген елдердің өзін тығырыққа тіреп, экономикасын есеңгіретіп тастады. Әсіресе Қазақстан сияқты орнықты дамуды мақсат тұтқан елдер үшін үлкен сынақ болғаны анық. Бұл жағдай шынымен де шикізатқа негізделген экономиканың ғұмыры қысқа екендігін тағы бір дәлелдеген тәрізді. Тиісінше, шағын және орта бизнес пен өндіріске көбірек көңіл бөлу керектігін аңғартқандай.
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев жақында Дағдарысқа қарсы шаралардың екінші топтамасын жариялаған болатын. Онда Президент Төтенше жағдай режимінің қашанда экономикалық және әлеуметтік салдары болатынын айта келіп, шағын және орта бизнеске қолдау көрсету үшін бұрын-соңды болмаған шараларды қолға алу қажеттігін тапсырған еді. Осы тұста аталған мәселеге орай «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Басқарма төрағасы Жандар Омаров және «Қазақстан фермерлер одағы» РҚБ президенті Жигули ДАЙРАБАЕВпен болған сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз. Толық ақпарат төмендегі сілтемеде.
Хабарды жүргізген Алмас Байдрахман.