Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

ҚАРА ДАУЫЛ

ҚАРА ДАУЫЛ

Дұрыс-ақ!Оны дауылға теңепті.Кімді?Қыры да көп, сыры да көп сыралғы композитор Қалдыбек Құрманəліні.Дауылға теңеген кім?Құдияр Білəл.Дауыл деген не?Ауа.Тып-тыныш тымық ауаның алай-дүлей ұйытқып соғуын "Жел" демей ме?Жел дейді.Сол жер-жаһанды желпіген желдің де неше түрі бар.

  1.Өкпек жел.Оның орысшасы-"Сквозняк".

  2.Самал жел.

  3,Дауыл.

  4.Құйын.

  Қарағым Қалдыбектің болмыс-бітімі мен жаратылысында осы табиғи құбылыстың төртеуі де бар.Өкпек желі өкпеңнен өтіп, мұрттай ұшыруы мүмкін."Сұрың жаман, сұлық түсіпсің.Не болды?" деп сұрасаңыз ол "Ойбай, "сквозняк" соғып оңбай қалдым!" деуі хақ.Ал оның самалы сарайыңды ашып, сайрандап жүргендей рахат күйге бөлейді.Талбесікте тербетілген сəбидей сезінесің.Дауылы тұрса ше?Оһо-о-о, атама!Ондай сəтте Қалдыбегіңіз дауыл емес, қара дауыл!Шəуілдірді шулатып, Отырарды ойрандап кететін Арыстанды Қарабастың желінен қатты.Шатырыңды ұшырып, шалағай шаруаңды шаша салуы түк те емес оған.Бір жұтым ауа жоқ қапырық кезде ше?Ондай сəтте опалаң-топалаңыңды шығарып, ойда жоқта құйын боп ұйытқуы ықтимал.Құтырған желіңіз құйын ғой, құйын дегенің қиын ғой.Құйынның қиындығы сол-шашылғанды жинайды, жиналғанды шашады.Қалай десек те Қалдыбектің желі-қасиетті жел.Қасиеті қайсы?Бұрынғы ескі шаңдарды ұшырып, орнына жаңа шаңды қондырады.Мұндай азаматтарды атам қазақ "Арқасы бар!" деп ардақ тұтқан.

  Баяғы балаң кезімде "права" алу үшін шопырдың үш айлық оқуына барғам.Сонда орыс ағайымыз алғашқы сабақта машинаны үш-ақ сөзбен сипаттап берген.Былай:"Машина состоит из трех частей.

  1.Кузов.

  2.Двигитель.

  3.Шасси."

 Бітті.Осы-ақ.Былай қарағанда машинаңыз соғымға сойған жылқыдай жілік-жілікке, мүше-мүшеге бөлінетін сияқты көрінеді.Негізінен үш-ақ бөліктен тұратынын бірінші рет білдік.Алыстан орағытып айтпағым не?Алда-жалда біз Қалдыбекті машинаға теңей қалсақ, оның "кузовы" ақ емес, көк емес, шымқай қара түсті.Қар-жаңбырыңыз жауып, қанша бұршақ ұрса да асты-үсті шірімек түгілі тот баспайды.

  Двигитиль-машинаның қолтығын жазып арғымақтай алға заулататын мотор ғой.Қалдыбектің "моторы" күшті.Кілтін салып бұрағанда "қыж-қыж-қыж" деп жуық арада отала қоймайтын оңбаған мотор емес.Жүйкеңді жүндей түтіп, итіңді шығармайды.Бірден оталады.

  "Шасси" деген не?Тұлпардың тұяғы.Яғни, төрт доңғалақ."Запаскісімен" бесеу.Қалдыбекте "запас" доңғалақ жоқ.Болған емес.Болмайды да.Жол-жөнекей балоным жарылып, айдалада аңқиып қалам-ау деп ойлаған емес.Ойламайды да!Тек алға!Алды-арты бірдей істегесін бе қайдам, батпақка батып көрмеген.Доңғалақтарының бүрі мықты, бүтін балон.Жарылмайды.Тесілмейді.Импортный.Арабский.Көз тимесін, оның осал жері біреу-ақ.Тормозы онша емес.Бір басқанда жер тістеп тоқтай қоймайды...Рульде өзі.Ешкімге ұстатпайды.Айтқан жерден аулақ, апатқа ұшырап "авария" жасамай аман-есен өрге тартып келе жатқан Өнер шопыры.Тың жəне тыңайған жерді игергендей əн өлкесіне дəн сеуіп, өзінің түренін салған ұлы композитор Шəмші Қалдақов атындағы республикалық фестивальді жыл сайын өткізіп жүрген кім?Қалдыбек Құрманəлі.Ебепке себеп іздеп қаншама өнер бұлағының көзін ашқан кім?Қалдыбек Құрманəлі. Вальс королі атанып дүниеден озған жарықтық Шəкеңнің рухына арнап 82 əн жазылғанын біреу білсе, біреу білмес.Соншама шоғырлы əндердің ішіндегі шоқтығы биігі қайсы?Қалдыбектің "Əн аға немесе Шəмшімен сырласу" əні.Өлеңін жазған Ибрагим Исаев.Ұлы тұлғаларға мəрмəр қашап, қара тастан ескерткш орнатып жатамыз.Оны да жөн дейік.Əйтсе де біздің Қалдыбек қазағын əнге бөлеп тербеткен Қалдаяқовтай қайталанбас тұлпар тұлғаға əуезді əнмен ерекше ескерткіш орнатқан азамат.Тау суындай тасып аққан жас шағында "Менен асқан ешкім жоқ.Мен!" дейтін.Кейінірек "Мен жəне Шəмші Қалдаяқов!" деді.Есі кіргенде "Шəмші Қалдаяқов жəне мен!" дейтін болды.Қазір ше?Тек "Шəмші Қалдаяқов!" дейді.Айнымайды.

 Қалдыбек қай қырынан болса да ешкімді қайталамайтын жəне қайталанбайтын қазақ.Құдай берген төрт ұл, бір қызының азан шақырып қойған аттары да айрықша.Алты Алаштың аузында жүрген айтулы азаматтардың есімі мен фамилиясын қоса тіркеп, бір-атаған.Түңғыш ұлының аты Шəмші Қалдаяқ."...ов"ты алып тастаған.Одан кейінгілерінің есімдері Бекзат-Саттархан, Мұхтар-Шахан, Иманғали-Тасмағамбет.Қызы Мақпал.Оған сірə, Жүнісованы тіркеу ыңғайсыздау көрінсе керек.

  Қалдыбектің хикаясы жырдан да қызық.Үшінші ұлын үкілеп Алматыда сүндет тойын жасауды ұйғарады да, шақыру билетін таратады.Бір кемпір үйіне əкеп тастаған шақыру билетіндегі "Сізді Мұхтар-Шаханның сүндет тойына шаұырамыз" деген хабарламаны оқып талып қала жаздапты."Ой, масқара-ай!-депті таңырқап.-Алқым жүні ағарған Мұхтар Шаханов осы күнге дейін сүндетке отырмаған ба?"

...Қалдыбек Құрманəлі жарық дүниеге таң қалу үшін емес, таң қалдыру үшін келген сияқты.

   

Көпен Əмірбек