Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Өжет елдің жігіті

Өжет елдің жігіті

Қазақтың қайсар Жұбаны атанған ақын, халық жазушысы Жұбан Молдағалиев «Мен қазақпын!» атты поэмасымен-ақ біртұтас ұлттың рухын көтерді. Туған жер – адам баласының қимайтын да, силайтын да қасиетті мекені. Жұбан ақын елімен бірге есейіп, халқының қуанышы мен қайғысын қаламына арқау еткен қаламгер.

Жұбан Молдағаиев шабытының шалқары – туған жері болса, алғашқы өткен өмір мектебі – кешегі екінші дүниежүзілік соғысы. Оның азаматтық сезімі отан үшін күрестің жауапкершілігін ұғынудан туды. Жұбан ағаның ерлік туралы, батырлық жайлы өлеңдері соғыстың ауыр шындығы іспетті. Соғыстан кейінгі алғашқы жинағы «Жеңіс жылдары» 1949-шы жылы жарық көрген болатын.

Майдангер ақын Жұбан Молдағалиев туралы «Батырлар рухына тағзым» хабарының толық нұсқасын аудиотаспадан тыңдай аласыздар.

Хабарды дайындаған Жанат Жанұзақ.