Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

ЖАҢАЛЫҚТАР 12:00

ЖАҢАЛЫҚТАР 12:00

20 05 2020 12 00


Мәжіліс бейбіт жиналыстар туралы заң жобасына сенаторлар енгізген өзгерістерді қолдап дауыс берді. «Сенаттың түзетулері Мәжіліс мақұлдаған тұжырымдама мен мазмұнды өзгертпейді әрі оның жекелеген нормаларын жақсартуға бағытталған», - дейді Заңнама және сот, құқықтық реформа комитетінің мүшесі, депутат Қанат Мусин.

*****

Биыл қорытынды аттестаттау және білім алушылардың дипломдық жұмысын (жобасын) қорғау бейнебайланыс арқылы онлайн өткізіледі. Сондай-ақ барлық емтихан бейнежазбаға жазылады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасының баспасөз хатшысы Алтынай Зарлыққызы мәлімдеді. Оның айтуынша, қашықтан оқудың нәтижелі болуы мақсатында оқушылар мен педагогтардың компьютер және интернет желісімен қамтылуына мониторинг жүргізілген. Оның қорытындысы бойынша білім басқармасымен мектеп балансындағы 7118 компьютер 6500 оқушыға және 618 педагогке уақытша пайдалануға берілді. Қосымша 2 613 ноутбук және интернетпен қамту үшін 5 200 флеш-карта сатып алынды. 

*****

«Ембімұнайгаз» АҚ-ның мұнайшылары «Bizbirgemiz» жалпыхалықтық акциясы аясында Мақтааралдағы тұрғындарға қаржылай көмек көрсетті. Мақтааралдық бауырларымызға қолдау көрсету мақсатында атыраулық мұнайшылар жалақы есебінен 4 миллион теңгеге жуық қаражат жинады. Бұл қаражат «Birgemiz-Atyrau» қоғамдық қоры арқылы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға жіберіледі, - деді «Ембімұнайгаз» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Рысты Тасмағамбетова.

*****

Алматыда «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» атты акция өтті.Карантинге байланысты өз отандарына қайта алмаған Қырғыз, Тәжікстан және Өзбекстан елдерінің азаматтарына азық-түлік және гигиена құралдары тапсырылды. Олардың ішінде еңбек мигранттары, студенттер және балалар да бар. Іс-шараны «Qolda» шұғыл көмек жобасы аясында «Шеврон» компаниясымен серіктестікте «Родник» Қоғамдық қоры және Еуразия Орталық Азия Қоры ұйымдастырды. «Родник» Қоғамдық қорының директоры Нина Балабаеваның сөзінше Карантин басталғалы бері Өзбекстан, Қырғыз елдерінің Бас консулдықтары, ұлттық-мәдени орталықтар мигранттармен байланысты үзген жоқ. Ең алдымен көмекке мұқтаж адамдардың тізімі жасалды. Жоба барысында 100 мигрантқа көмек көрсетілді. 

*****

Сингапур билігі коронавирустың таралу қаупін азайту мақсатында тұрғындардың қоғамдық көліктерде ұялы телефонмен сөйлесуіне тыйым салды. Сондай-ақ тұрғындарды қоғамдық көлікте бір-бірімен байланыс жасауды азайтуға шақырды. «Біз көлікте бір метр әлеуметтік арақашықтықты сақтау өте қиын болатынын жақсы білеміз. Өмір біртіндеп қалпына келе бастады, көптеген кәсіпорындардың жұмысы жанданып, мектептер мен университеттердегі сабақтар басталады. Сондықтан біз бірқатар қауіпсіздік шарасын қабылдауымыз керек», - деді елдің ұлттық даму министрі Лоуренс Вон. Айта кетейік әлем бойынша қауіпті вирусты 4 млн 986 мың 332 адам жұқтырса, елімізде олардың саны 6969.

*****

Қазгидромет еліміздің 10 өңірінде ауа райына қатысты ескерту жариялады. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында найзағай ойнап, қатты жел соғады. Алматыдағы тау беткейлерінде көшкін жүру қаупі бар. Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстарында да қатты жел соғып, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей өңірлерде бұршақ жауу ықтимал. Түркістан облысында дауыл көтеріледі. Төтенше жағдайлар комитеті тұрғындарға дауылды ескерту туралы хабарламаға құлақ асып, қажетті сақтық жасау керектігін ескертеді.